
2020 жылғы 27 қарашада Нұр-Сұлтан қаласының Достық үйінде онлайн-форматта Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне арналған Қазақстан халқы Ассамблеясының Ғылыми-сарапшылық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.
Іс-шараға ҚХА Төрағасының орынбасары - Хатшылық меңгерушісі Ж.Түймебаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің вице-спикері В. Божко, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі М.Әзілханов, ғылыми-сараптамалық орталықтардың, этномәдени бірлестіктердің басшылары және кеңес мүшелері қатысты.
Кеңейтілген отырыс барысында сарапшылар Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың ҚХА-ның қалыптасуындағы рөлі, қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру және Қазақстанның теңдестірілген тіл саясаты туралы мәселелерін талқылады.
Сонымен бірге ҚХА-ның 25 жылдығына арналған «Қазақстан халқы Ассамблеясы: бірлік пен келісімнің 25 жылы» кітабының, этносаяси сөздіктің жаңа редакциясының тұсаукесерлері өтті.
Отырыс соңында ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің мүшелеріне Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына арналған мерейтойлық медальдар табысталды.