ҚХА этномәдени бірлестіктері өкілдеріне арналған семинар-тренингі өтті

ҚХА этномәдени бірлестіктері өкілдеріне арналған семинар-тренингі өтті

2020 жылғы 25 қарашада Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктері өкілдеріне арналған онлайн-форматта практикалық семинар-тренингі өтті.

Семинар-тренингке ҚР АҚДМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті төрағасының орынбасары Еркін Үйсімбаев, ҚР АҚДМ «Қоғамдық келісім» РММ директоры Ербол Шәуенов, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, сондай-ақ өңірлердің этномәдени бірлестіктерінің өкілдері қатысты.

Семинар-тренинг барысында спикерлер ретінде Нұр-Сұлтан қаласының «Өзбек этномәдени орталығы» ҚБ төрағасы, сертификатталған медиатор Шерзод Пулатов және «Ұлттық волонтерлер желісі» ЗТБ атқарушы директоры, сертификатталған тренер Татьяна Миронюк сөз сөйледі.

Семинар-тренинг қатысушылары «Этносаралық қатынастар саласындағы медиация: теория және практика», «Қазақстандағы волонтерлік» тақырыптарын талқылады: Сондай-ақ медиация арқылы тартысты жағдайларды бейбіт жолмен шешу туралы қызықтыратын сұрақтарға жауаптар алды.