Алматыда «Е-Архив» ақпараттық жүйесін енгізу мәселесі бойынша семинар өтті

Алматыда «Е-Архив» ақпараттық жүйесін енгізу мәселесі бойынша семинар өтті

Алматы қаласының Мемлекеттік архивінде архив ісі мамандарының біліктілігін арттыруға арналған екі күндік өңірлік семинар өтті.

Іс-шараға Алматы және Шымкент қалаларының, Алматы, Жамбыл және Жетісу облыстарының архив қызметкерлері қатысты.

Семинар барысында қатысушыларға архив ісі мен құжаттаманы басқарудағы заңнама талаптары мен нормативтік құқықтық актілер түсіндірілді. Сондай-ақ есеп жүргізу тәртібі мен мемлекеттік органдармен жұмыс істеу мәселелері сөз болды.

Бұдан бөлек, архившілер «Е-Архив» ақпараттық жүйесін енгізу кезеңдерін, оның күнделікті жұмыста қолданылу тәжірибесін талқылады.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі