Белгілі сарапшылар жастардың электоралды мінез-құлқын қалыптастыру мәселелерін талқылады

Белгілі сарапшылар жастардың электоралды мінез-құлқын қалыптастыру мәселелерін талқылады

"Policy Camp" жас саясаттанушыларға арналған онлайн-мектептің алғашқы күні "Жастардың электоралдық мінез-құлқын қалыптастырудағы сараптамалық қоғамдастықтың рөлі" тақырыбында диалог алаңы өтті.

Талқылауға ҚР АҚДМ Азаматтық қоғам істері комитеті төрағасының орынбасары Нұрбол Серікбеков, "Қазақстан Азаматтық Альянсы" ЗТБ президенті Бану Нұрғазиева, ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелері Айдос Сарым мен Андрей Чеботарев, М.В. Ломоносов атындағы ММУ-нің Қазақстан филиалының әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының профессоры Наталья Калашникова және Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Саясаттану кафедрасының меңгерушісі, доцент Индира Рыстина қатысты.

Сарапшылар азаматтардың, соның ішінде жастардың сайлау белсенділігінің маңыздылығы туралы айтты.

"Жас саясаттанушы мектебі – бұл Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Қазақстан Азаматтық Альянсымен бірлесіп ұйымдастырған ерекше білім беру бағдарламасы. Жоба аясында қатысушылар саясаттану, халықаралық қатынастар, мемлекеттік басқару салаларында тәжірибелік дағдылар мен кешенді құзыреттерге ие болады, сондай-ақ, елге танымал саясаттанушылармен таныса алады", - деді ҚР АҚДМ Азаматтық қоғам істері комитеті төрағасының орынбасары Нұрбол Серікбеков.

Оның айтуынша, еліміз үшін азаматтардың, оның ішінде жастардың электоралды белсенділігі өте маңызды. Сайлауға қатысу - адамның азаматтық ұстанымы мен саяси мәдениетін сипаттайтын маңызды акт. Сондықтан біздің міндетіміз-жастардың саяси сауаттылық деңгейін одан әрі арттыру және Қазақстанның сарапшылық қоғамдастығын дамыту.

Белгілі саясаттанушы Айдос Сарым өз сөзінде Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарын сайлау туралы тақырыптарды қозғап, әлеуметтік желілер мен блогерлердің қазіргі қоғам өміріндегі рөлінің кері әсері туралы айтып берді.

"Қазір бізде Мәжіліс пен мәслихат депутаттығына сайлау қызу талқылануда. Сайлау партиялық тізім бойынша өтеді. Көптеген кандидаттар танымал емес және біздің еліміздің азаматтары мен таңдаушылары ретіндегі құқықтарымыз бұзылуда деп айтады. Бірақ сіз саясаттың - еріккеннің ермегі емес екенін білуіңіз керек".

Осыған байланысты ол азаматтардың саяси белсенділігін арттыру қажеттігіне назар аударды.

Еске сала кетейік, 2020 жылдың 12-14 қарашасы аралығында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен Жас саясаттанушыларға арналған "Policy Camp" республикалық онлайн-мектебі өтіп жатыр.