
Ағымдағы жылдың 5 қарашада «Жаңа жағдайдағы жастар: іс қимыл кезеңі» жобасының жүзеге асырылуы бойынша баспасөз конференциясы өтті.
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Қазақстан Жастарының Конгресі» ЗТБ-нің ұйымдастыруымен «Жаңа жағдайдағы жастар: іс-қимыл кезеңі» тақырыбында жоба жүзеге асыру жоспарлануда.
Жобаның негізгі мақсаты жастарды жаңа болмыс жағдайында біріктіру, өзін-өзі дамыту үшін жағдай жасау, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын және Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауындағы тапсырмаларды іске асыру болып табылады.
Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Шахмардан Байманов өз сөзінде іс-шара төрт бағытта жүзеге асырылатының атап өтті.
Аталған шара шеңберінде табысты ғылыми еңбегі, шығармашылық, қоғамдық қызметі, сондай-ақ жоғары спорттық жетістіктері үшін талантты жастарды «Дарын» мемлекеттік сыйлығымен марапаттау жоспарлануда.
Сонымен қатар, «Қазақстан Жастарының Конгресі» заңды тұлғалар бірлесітінің атқарушы директоры Тоқтар Болысов іс-шараға еліміздегі барлық 14-29 жас аралығындағы жастар арнайы сайт арқылы тіркеуден өтіп қатыса алатының және барлық қатысушыларға сертификаттар табысталатының атап өтті.
Ағымдағы жылдың 9 қараша - 8 желтоқсан күндері жүзеге асырылатын жоба барысында әртүрлі қызмет саласындағы жастармен ашық пікірталас жүргізу, танымал тұлғалармен онлайн конференциялар өткізу, 2025 жылға дейінгі жастарды қолдау жөніндегі кешенді жоспар жобасын талқылау жоспарлалануда.