Қазақстан жастары Challenge «Сенің жаңа қырың!» акциясын қолдады

Қазақстан жастары Challenge «Сенің жаңа қырың!» акциясын қолдады

Салауатты өмір салтын қолдау және физикалық белсенділікті насихаттау мақсатында Challenge «Сенің жаңа қырың!» спорттық шарасын Қазақстандағы ірі жастар ұйымдары қолдады. Астанадағы «Астана Триатлон» саябағында республикалық жастар ұйымдары, танымал спортшылар мен «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы лауреаттарының қатысуымен ашық марафон өтті.

Спорттық шараны ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Жастар саясаты департаменті, «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы және республикалық жастар ұйымдары ұйымдастырды.

Жастар саясаты департаментінің директоры Асхат Ораловтың айтуынша, марафонның басты мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салты мен спортты насихаттау арқылы акцияға қолдау көрсету, сондай-ақ, эстафетаны өңірден өңірге беру арқылы республиканың басқа аймақтарын осы марафонға шақыру.

Қатысушылар 2,3 км қашықтыққа жүгірді. Марафон алдында кәсіби жаттықтырушы-спортшылар арнайы жаттығулар өткізді. Шараға барлығы 150 адам қатысты.

«Қазақстан жастарының конгресі», «Жасыл ел», «Жас Отан», «Жас ұлан», «Студенттер альянсы» ұйымдарының мүшелері келесі эстафетаны Атырау, Оңтүстік Қазақстан облысы, Солтүстік Қазақстан облысының жастарына берді.

Еске сала кетейңк, 2018 жылғы 22 мамырда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Challenge «Сенің жаңа қырың!» республикалық акциясын қолдап, барша қазақстандықтарды спортпен шұғылдануға шақырды. Акция 2018 жылғы 4-25 маусым аралығында өтеді. Жобаның басты мақсаты қазақстандықтарды спортпен шұғылдануға үндеу және салауатты өмір салтын қалыптастыру.