
А.ж. 5 шілдесінде «Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығы» Басқарма Төрағасы А. Абибуллаевпен Біріккен Араб Әмірліктерінен Халықаралық мәдени дипломатия институтының жетекшісі Мохаммед Әл-Муайнидің өзара кездесуінде Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы мәдени, гуманитарлық, рухани және достық қатынастар жайында және оларды әрі қарай ілгерлету туралы талқыланды.
Рухани және мәдени дипломатияға, сондай-ақ екі ел арасындағы татулық және серіктестік қарым-қатынастарына қолдау көрсетіп отырған Мемлекет басшысы Қ.Қ. Тоқаевқа ерекше ықылас білдірді.
Қонақтар Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың өркениетаралық, мәдениетаралық және конфессияаралық диалогты дамытуға және ілгерлетуге, сондай-ақ қоғамдар мен мемлекеттердегі бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтудағы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің маңыздылығына жоғары баға берді.
Өз кезегінде, Басқарма Төрағасы әмірліктер тарапына Съез жұмысына толыққанды қолдау және белсенді қатысқандары үшін алғыс білдірді. Конфессияаралық және өркениетаралық диалог саласында өзара тиімді және институционалдық ынтымақтастықты орнатуға бағытталған нақты жобалар мен бағыттар айқындалды.
*Анықтама: Біріккен Араб Әмірліктерінің Халықаралық мәдени дипломатия институты 2010 жылы құрылған. Институттың негізін қалаушы және Басқарма Төрағасы – доктор Мохаммад Камиль Аль-Муайни.
Институт адам ресурстарының деңгейін көтеруге, сондай-ақ басқару, жоспарлау, стратегиялық талдау және саясатты дамыту саласындағы бағдарламалар мен түрлі іс-әрекеттерді, дипломатия саласындағы білім беруді жетілдіруге бағытталған конференциялар, мен семинарлар, оқыту, кеңес беру және зерттеу бойынша жобаларды жүзеге асырады.


