
2020 жылғы 29 қазанда Нұр-Cұлтан қаласында Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының (бұдан әрі - ҚЭЗИ) алаңында «Қазақстан қоғамындағы Ксенофобия: себептері, тұрақтылыққа ықпалы және еңсеру жолдары» тақырыбына сараптамалық кездесу өтті.
Кездесу онлайн форматта өтті, оған Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ғылыми-сарапшылық кеңестің мүшелері, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі М. Әзілханов, сондай-ақ ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты, Әлеуметтік және саяси зерттеулер орталығы «Стратегия» қоғамдық қоры, «Қоғамдық пікір» зерттеу институты өкілдері қатысты.
Дискусия барысында талқылау тақырыбы бойынша түрлі пікірлер айтылды.
Атап айтқанда, Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі М.Әзілханов өз сөзінде ксенофобия мәселесі оның сипаттамаларын анықтаудан бастап ел тұрғындары арасында өлшеу жүргізуге дейін мұқият зерттеу қажет екенін атап өтті.
Өз кезегінде, «Стратегия» қоғамдық қорының президенті Г.Илеуова жас ұрпақтың этникалық белгілерге, жынысына, мәдениетіне және т. б. немқұрайлы қарайтынына және осы мәселе бойынша нақты айқындалған ұстанымдары жоқ екеніне назар аударды. Оның пікірінше, ксенофобиялық көңіл-күйдің пайда болуы мен күшеюінің себептерінің бірі - экономикадағы жағдайдың нашарлауы.
Сонымен қатар, «Қоғамдық пікір» зерттеу институтының сарапшысы Қаламқас Есімова жаһандық артып келе жатқан синофобия туралы өз пікірін білдірді. Оның айтуынша, синофобия - бұл АҚШ пен Қытайдың екі державасына қарсы тұрудың салдары. Қазақстан жаһандық қатынастар жүйесінде және сол арқылы қоғамдық пікірге ықпал етеді.
Талқылау барысында сарапшылар ксенофобияның алдын алудағы рөлі өте маңызды тәрбиелік және білім беру шараларын күшейту қажеттілігі бар екенін айтты.