
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ҮЕҰ гранттық қаржыландыру шеңберінде «Бала және денсаулық» жобасын іске асыруда. Жоба мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдерге олардың психологиялық және әлеуметтік бейімделуіне көмек көрсетуді дамытуға бағытталған. Мүмкіндігі шектеулі балалар саны көп еліміздің 6 өңірінде (Маңғыстау, Ақтөбе, Павлодар, Қызылорда облыстарында және Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында) ата-аналарды психологиялық қолдау қызметтерінің жұмысы жүргізілуде. Бүгінгі күні қолдау қызметтерінің аясында отбасында ерекше қажеттіліктері бар балалармен өзара қарым-қатынас мәселелері бойынша, мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарына психологиялық көмек, аутист балалармен жұмыс істеудің педагогикалық әдіс-тәсілдері бойынша 350-ден астам кеңес берілді.
Қолайлы психоэмоционалды климат құру және ата-аналардың санасында жағымды көзқарастар қалыптастыру үшін жоба аясында 450 адамды қамтитын офлайн және онлайн форматта 11 тренинг өткізілді.
Мүмкіндігі шектеулі балалардың бойында жағымды эмоциялар тудыруға бағытталған табиғат аясында, ата-аналар мен балаларға арналған «Балалар мен ата-ана қатынастарының рөлдік құрылымы» тақырыбында көшпелі іс-шаралар ұйымдастырылды.