Мәдениет және ақпарат министрлігінде мемлекеттік қызмет этикасы және қауіпсіз орта қалыптастыру мәселелері талқыланды

Мәдениет және ақпарат министрлігінде мемлекеттік қызмет этикасы және қауіпсіз орта қалыптастыру мәселелері талқыланды

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы өкілдігімен бірлесіп, «Мемлекеттік қызмет этикасы және қауіпсіз орта» тақырыбында семинар ұйымдастырды.

Семинарда БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы гендерлік мәселелер жөніндегі кеңесшісі Гаухар Нұрша дәріс оқыды. Ол гендерлік стереотиптер мен қалыптасқан жаңсақ пікірлер, мәселелер туындағанда ұйым мәдениетінің әсері, сондай-ақ шағымдарды қарау тәртібі туралы баяндады.

Сонымен қатар этикаға жат әрекеттер себебі мен алдын алу жұмыстарының маңызына ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің этика жөніндегі уәкілі Мәдина Ахметова ұжымдағы жағдай қызметкерлердің жұмыс барысына және ведомство қызметінің тиімділігіне тікелей ықпал ететінін айтты.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі