
Бүгін, 20 қазанда, Парламент Сенатында жергілікті өкілді органдармен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі кеңес отырысы өтті.
Іс-шара барысында Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тілепов «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі нәтижелері туралы баяндап, бағдарламаны іске асыру жөніндегі 2021 жылға арналған іс-шаралар жоспары аясында Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігімен жоспарланған жұмысты атап өтті.
Сонымен қатар, отырыста ҚР Парламенті Сенаты жанындағы мәслихаттармен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі кеңестің және мәслихаттардың іс-шараларын үйлестіру бойынша жұмыс тобының құрамына «Рухани жаңғыру» бағдарламасын үйлестіру департаментінің өкілдерін қосу мәселесі қарастырылды.