Қазақстан мен Беларусь музей-қорықтары ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Қазақстан мен Беларусь музей-қорықтары ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

«Әзірет Сұлтан» және «Несвиж» (Беларусь Республикасы) Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорықтары ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Екі музей де ұлттық статусқа ие және ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұра тізіміне енгізілген. Екі ұйымның басты мақсаты — тарихқа деген құрметті арттыру және оны болашақ ұрпаққа жеткізу.

Меморандум аясында тараптар тәжірибе алмасу, қосымша көрмелер ұйымдастыру және зерттеу жобаларын іске асыруды жоспарлап отыр.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі