«Қоғамдық келісім» КММ және өңірлік ҚХА қоғамдық құрылымдарының қызметінде менеджменттің заманауи әдістерін енгізу бойынша әдістемелік кеңестің отырысы өтті

«Қоғамдық келісім» КММ және өңірлік ҚХА қоғамдық құрылымдарының қызметінде менеджменттің заманауи әдістерін енгізу бойынша әдістемелік кеңестің отырысы өтті

Ағымдағы жылғы 13 қазанда Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының, облыстардың «Қоғамдық келісім» КММ және өңірлік ҚХА қоғамдық құрылымдарының қызметінде менеджменттің заманауи әдістерін енгізу бойынша әдістемелік кеңестің отырысы өтті.
Іс-шараға ҚР АҚДМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Б.Мажағұлов, ҚР АҚДМ «Қоғамдық келісім» РММ директорының орынбасары Х.Ерсейітова, сондай-ақ, «Қоғамдық келісім» КММ басшылары, этникалық БАҚ журналистері, ҚХА қоғамдық құрылымдарының, республикалық этномәдени және жастар бірлестіктерінің, Аналар және қоғамдық келісім кеңестерінің, Медиация және құқық орталықтарының өкілдері қатысты.
Отырыс барысында қатысушылар әлеуметтік-маңызды және мәдени-ағартушылық жобаларды, соның ішінде «Рухани Жаңғыру», «Qazaqtany' мектебі» жобаларын іске асыру бойынша тәжірибемен, қайырымдылық қызметті үйлестіру және дамыту тәсілдерімен, «Жаңғыру жолы» өңірлік штабтары мен еріктілер қозғалысы орталықтарының жұмыс бағыттарының болашағымен бөлісті.
Отырыс қорытындысы бойынша жобаларды басқарудың инновациялық-ақпараттық тәсіліне сәйкес қызметтің негізгі басымдықтары мен жұмыстың жаңа нысандары айқындалды.