Астанада азаматтық сектордың болашағы талқыланды

Астанада азаматтық сектордың болашағы талқыланды

Бүгін, 2025 жылдың 10 қазанында, елордада «Инновациялар мен технологиялар: Астанадағы азаматтық сектор болашағы» тақырыбында Астана қаласының XII Азаматтық форумы өтті.

Форумға ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айзада Құрманова, Астана қаласы Ішкі саясат басқармасының басшысы Нұрдаулет Әлмұханов, Қазақстанның Азаматтық альянсының президенті Бану Нұрғазиева және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Форум аясында жемісті жобалардың таныстырылымы, қатысушылардың құзыретін кеңейтуге және серіктестік байланыстарды нығайтуға бағытталған панельдік пікірталастар, сондай-ақ инновациялық жобалардың көрмесі ұйымдастырылды.

Форум қатысушылары мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы өзара байланыстың тиімді алаңы ретінде Астана қаласының Қоғамдық кеңесінің рөліне ерекше назар аударды. Кеңес жұмысы азаматтық бастамаларды талқылауға және қоғамдық маңызы бар мәселелерді шешуге мүмкіндік беретіні де атап өтілді.

Форум қорытындысы бойынша талқылау барысында ұсынылған барлық идеялар мен бастамалар 15–16 қазан күндері өтетін Қазақстанның XII Азаматтық форумы күн тәртібіне енгізу үшін жолданады.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі