
2025 жылғы 3 қазанда Астанада, Қазақстандағы XII Азаматтық форумға дайындық аясында, Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовтың қоғамдық және үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездесуі өтті. Кездесуге Қазақстан Азаматтық альянсы президенті Бану Нұрғазиева, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» басқарма төрағасы Лима Диас және ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитетінің өкілдері қатысты.
Кездесу барысында су ресурстарына мониторинг жүргізу тетіктері, су үнемдеу мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ су саясатын іске асырудағы азаматтық қоғамның қатысуы талқыланды. ҮЕҰ өкілдері су ресурстарын тиімді басқару жөнінде бірқатар ұсыныстар енгізді. Бұл ұсыныстар форумның қорытынды құжаттарында ескерілетін болады.
Кездесу нәтижесінде Су ресурстары және ирригация министрлігі жанынан үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесін құру туралы шешім қабылданды. Жаңа консультативтік орган қоғамдық сектормен жұмысты жүйелі етуге және су ресурстарын пайдалану мен қорғауға қатысты шешім қабылдау процесінде азаматтардың рөлін арттыруға мүмкіндік береді.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі