Астанада Қоғамдық кеңестердің үйлестіру орталығының отырысы өтті

Астанада Қоғамдық кеңестердің үйлестіру орталығының отырысы өтті

2025 жылы 30 қыркүйекте Астана қаласында Қоғамдық кеңестердің үйлестіру орталығының отырысы өтті.

Жиынға орталық мүшелері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, өңірлік қоғамдық кеңестердің өкілдері, сондай-ақ ғылыми және азаматтық сектордың өкілдері қатысты.

Отырыста Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауындағы негізгі бағыттар мен қоғамдық кеңестердің рөлі талқыланды. Әсіресе, қоғамдық кеңестердің өңірлер дамуына және халықтың өмір сапасын арттыруға қосар үлесі ерекше назарға алынды.

Астана, Шымкент, Жамбыл, Алматы және Ұлытау облыстарының қоғамдық кеңестерінің төрағалары баяндама жасап, ұсыныстарын білдірді.

Жиын қорытындысында Қоғамдық кеңестер мүшелері Жолдауда қойылған міндеттерді жүзеге асыруға атсалысып, бірлесе жұмыс істеуге ниет білдірді.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі