«Шет елдердің зорлық экстремизмге қарсы іс-қимылындағы тәжірибелері туралы» семинар өткізілді

«Шет елдердің зорлық экстремизмге қарсы іс-қимылындағы тәжірибелері туралы» семинар өткізілді

2020 жылғы 9 қазанда «Ақниет» ақпараттық насихаттау және оңалту орталығы» қоғамдық қоры (бұдан әрі – «Ақниет» ҚҚ) Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысымен және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-ның көмегімен «Шет елдердің зорлық экстремизмге қарсы іс-қимылындағы тәжірибелері туралы» семинар өткізді.

Семинардың модераторы ретінде Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Марат Әзілханов сөйледі.

Семинарға танымал заңгер және құқық қорғаушы, Ұлттық сенім кеңесінің мүшесі Айман Умарова шақырылды.Ол практикалық және заң тұрғысынан зорлық-зомбылық экстремизміне қарсы іс-қимыл бойынша шет елдердің тәжірибелеріне тоқталды.

Семинарға Дін істері комитетінің басшылық қызметкерлері, «Ақниет» ҚҚ басшылығы мен қызметкерлері, дін саласындағы жергілікті уәкілетті органдардың, Дін мәселелерін зерттеу орталықтарының басшылары, теологтар, психологтар және ҚМДБ қызметкерлері қатысты.

Семинарға қатысушылар практикалық аспектілерді және діни саладағы профилактикалық жұмысты жақсарту бойынша ұсыныстарды талқылады.