
2025 жылы 30 қыркүйекте Астана қаласында Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі жанындағы Қоғамдық кеңестің үшінші отырысы өтті.
Отырыс барысында ақпараттың қолжетімді болуына жағдай жасау, мемлекеттік органдардың ақпараттық ашықтығын арттыру және олардың белсенділігін көтеру мәселелері қаралды. Сондай-ақ архив ісін цифрландыру тақырыбына да ерекше назар аударылды. Бұл бағыт тарихи мұраны сақтаудың жаңа мүмкіндіктерін ашып, азаматтарға архив материалдары қолжетімді болуына ықпал етеді.
Қатысушылар мұндай жиынның мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы ашық диалог алаңы ретінде бағалады. Сонымен қатар мәдениет пен ақпарат саласында ашықтық пен цифрлық трансформацияны одан әрі дамыту қажеттігін жеткізді.
Кездесу соңында Қоғамдық кеңес мүшелері қаралған мәселелер бойынша жұмысты жетілдіруге қатысты бірқатар ұсыныстарды қарастырды.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі