
Бейбітшілік және келісім сарайында Діни бірлестіктер өкілдері жиналысының отырысы өтті.
Іс-шараға Дін істері комитетінің төрағасы А.Н. Хатиев, Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы басшылығы және Қазақстанда тіркелген діни бірлестіктер өкілдері қатысты.
Отырыс барысында мемлекет пен діни бірлестіктердің өзара байланысындағы өзекті мәселелер, қоғамдағы дәстүрлі құндылықтар мен рухани келісімді нығайту мәселелері талқыланып, Астанада өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезінің қорытындысы жасалды.
Іс-шара аясында А.Н. Хатиев барлық діни бірлестіктердің өкілдеріне Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезіне белсенді қатысқандары үшін алғыс айтып, этнос пен діни сенімге қарамастан, бұл жерге жиналуы өзге елдер үшін рухани келісімнің үлгісі екенін атап өтті.
Жиында діни бірлестіктердің өкілдері дәстүрлі құндылықтарды сақтау мен нығайтудың маңызын да сөз етті.
Іс-шара соңында қатысушылар «Турин кебіні» және «Қасиетті кітаптар» көрмелерін аралап,
Бейбітшілік және келісім музейіне экскурсия жасады.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі