Ақпараттық хабарлама

Ақпараттық хабарлама

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі онлайн-платформалар және масс-медиа саласындағы заңнаманы жетілдіру мақсатында «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне онлайн-платформалар және масс-медиа мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне онлайн-платформалар және масс-медиа мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарының жобасын әзірлеуді бастады.

Мүдделі тараптардың ұсыныстарының ашықтығын және толық есепке алынуын қамтамасыз ету үшін Министрлік заң жобаларын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобын қалыптастырады.

Жұмыс тобына үкіметтік емес ұйымдардың, сараптамалық қауымдастықтың, журналистердің кәсіби бірлестіктерінің, телеарналардың өкілдері және өзге де мүдделі тұлғалар шақырылады.

Жұмыс тобының құрамына кандидатураларды енгізу бойынша ұсыныстарды (Т.А.Ә., лауазымы, ұйымы, байланыс деректері: жұмыс және ұялы телефондар, электрондық пошта мекенжайы) 2025 жылғы 8 қазанға дейінгі мерзімде электрондық поштаға жіберуді сұраймыз: m.tokuzhinova@mki.gov.kz.

Анықтама үшін байланыс телефоны: 8 (7172) 74-02-91