Алматыда «Жабайы» фильмінің жабық көрсетілімі өтті

Алматыда «Жабайы» фильмінің жабық көрсетілімі өтті

Алматыда балаларға арналған толықметражды «Жабайы» көркем фильмінің жабық көрсетілімі өтті. Фильмді ҚР Мәдениет және ақпрат министрлігінің қолдауымен Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген.

Іс-шараға кино саласының мамандары, журналистер, мәдениет қайраткерлері – барлығы үш жүзден астам адам қатысты.

Бұл фильм жалғыздыққа жаны үйренген Казбек есімді бала туралы. Оның өмірін Жабайы атты көшедегі иесіз ит түбегейлі өзгертеді. Олар бірге жүріп талай сынақтан өтеді. Қыңыр көрші, қатыгез ит аулаушылар, атақ қуған блогерге дейін кездестіреді. Бірақ ештеңеге қарамастан, олар бір-бірін қорғап, шынайы достықтың қандай болатынын дәлелдейді.

Іс- шара барысында фильмнің режиссері Дамир Әбілханов түсірілім командасына алғыс білдірді. Ол бұл киноға 1,5 жыл көлемінде дайындалған. Кино Атыраудағы су тасқыны кезінде «Пішөн» деген қаһарман иттің құрметіне түсірілген. Режиссер бұл туынды жануарларға қамқорлық танытып, мейірімдірек болуға шақыру мақсатында түсірілген фильм екенін атап өтті.

Көрсетілім басталмас бұрын қонақтар үшін ерекше бағдарлама ұйымдастырылды. Жас өнерпаздар ән айтып, шағын концерт қойып, көрерменге мерекелік көңіл-күй сыйлады. Концерттен кейін жиналған қонақ фильмді тамашалап,өз ойын бөлісті.

«Жабайы» фильмін 25 қыркүйектен бастап Қазақстан кинотеатрларынан көруге болады.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі