
Қазақстанның барлық өңірлерінде тұтынушылық құқықтарды қорғау мәселелері бойынша тегін заң консультациялары көрсетілетін кабинеттер жұмыс істейді.
Қазіргі уақытта азаматтарды толғандыратын мәселелер бойынша 2500-ден астам заң консультациялары өткізілді.
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің жобасы гранттық қаржыландыру шеңберінде әрекет етеді және халыққа тегін құқықтық көмек көрсетуді және тұтынушыларды қолданыстағы құқық, құқықтар, бостандықтар және міндеттер туралы біліммен қамтамасыз етуді көздейді.
Жоба аясында тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы сарапшылардың қатысуымен Заң консультациясының құқықтық мектебі ұйымдастырылды, сондай-ақ Ақмола, Қарағанды және Жамбыл облыстарында конкурс жарияланды. Құқықтық сауаттылық мектебінен өткен заң факультеттерінің үздік студенттері 200 000 теңге көлемінде шәкіртақы алады.
Жоба туралы толығырақ:
сілтемелері бойынша.