
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында «Қазақстан Республикасындағы қоғамдық бақылау туралы» Заңының, ілеспе жобасы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының тұжырымдамасы мен заң жобасын әзірлеу бойынша жұмыс тобын құрды.
Жұмыс тобының құрамында үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, сарапшылар, орталық және жергілікті деңгейдегі қоғамдық кеңестердің мүшелері, мемлекеттік органдардың мүдделі қызметкерлері бар (мына сілтеме арқылы жұмыс тобының құрамымен таныса аласыз: https://www.gov.kz/memleket/entities/qogam/documents/details/70916?lang=ru).
1 қазан күні Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі, жұмыс тобының басшысы Б. А. Тілеповтің төрағалығымен заң жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының онлайн отырысы өтті.
Отырыс барысында қоғамдық бақылау туралы заң жобасы Тұжырымдамасының негізгі тәсілдері мен ережелері талқыланды.
Болашақ заң жобасының мақсаты - қоғамдық бақылау жүйесінің құқықтық негізін, сондай-ақ азаматтық қоғамды одан әрі жетілдіруге арналған құқықтық жағдайларды айқындау.
Заң жобасының міндетіне бірыңғай ұғымдық аппаратты қалыптастыру, қоғамдық бақылауды жүзеге асыру қағидаттарының бірыңғай жүйесін белгілеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте қоғамдық күш-жігерді біріктірудің құқықтық тетіктерін жасау, сондай-ақ қоғамдық бақылау субъектілері мен объектілерінің міндеттілігін, өкілеттігін және жауапкершілігін айқындау кіреді.
Талқылауға Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығының президенті, қоғамдық даму саласындағы қоғамдық кеңестің мүшесі Айгүл Соловьева, "Қазақстанның Азаматтық Альянсы" ЗТБ вице-президенті Гамал Түзелбаев, Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі қазақстандық халықаралық бюроның директоры Евгений Жовтис, Almaty Management University президенті Асылбек Қожахметов, "Талап" қолданбалы зерттеулер орталығының директоры Рахым Ошақбаев, "Қазақстан заңгерлерінің одағы" РҚБ Нұр-Сұлтан қаласындағы филиалының төрағасы Серік Беркамалов, "Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту орталығы" жеке мекемесінің директоры, Солтүстік Қазақстан облысы қоғамдық кеңесінің мүшесі Сергей Худяков, құқықтық саясатты зерттеу орталығының атқарушы директоры Татьяна Зинович қатысты.
Жұмыс тобы ta.akhmadiev@qogam.gov.kz электронды ардесіне жіберуге болатын «Қоғамдық бақылау» белгісі бар ұсыныстарды жинақтайды және олар міндетті түрде жұмыс тобының отырыстарында қаралатын болады.