
Ағымдағы жылғы 1 қазанда Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тілеповтің төрағалығымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мәселелері бойынша «Азаматтық алаң» талқылау клубының отырысы өтті.
Кеңеске сараптамалық және ғылыми қауымдастық, азаматтық сектор және қоғамдық пікір көшбасшыларының өкілдері қатысты.
Іс-шара барысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын одан әрі іске асыру және қоғамдық сананы жаңғырту жөніндегі мәселелер талқыланып, ұсыныстар жарияланды.
Бүгінгі таңда Бағдарламаның негізгі іс-шаралары мен жобалары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысы бекіткен 2020 жылға арналған «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары шеңберінде жүзеге асырылуда.
Іс шаралар жоспары тұлғалық даму, ұлттық бірегейлік және халықаралық позициялау, мемлекеттің, азаматтық қоғамның және жергілікті қауымдастықтың дамуы бағыттары бойынша 97 тармақтан тұрады.
Елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты қазіргі уақытта іс-шаралар онлайн форматта өткізілуде.
Талқылау қорытындысы бойынша Бағдарламаны жетілдіру және одан әрі тиімді іске асыру бойынша нақты бағыттар мен жаңа тәсілдер қалыптастырылды.
Мысалы, халық арасында салауатты өмір салтын насихаттауға, халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау бойынша іс-шараларға, азаматтардың құқықтары мен бостандығын қамтамасыз етуге, туған өлкесін дамытуға бағытталған жаңа бағыттарды енгізу ұсынылды. Сондай-ақ, талқылау барысында балаларға арналған мемлекеттік тілдегі контентті (мультфильмдер, балалар әдебиеті) әзірлеу ұсынылды.