
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен «Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингін жүргізу қағидаларын және оны есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 29 сәуірдегі № 84 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі бұйрығының жобасы (бұдан әрі – Жоба) әзірленді.
Жоба «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-3-бабы 13-2) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Жобамен Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингін жүргізу қағидалар және оны есептеу әдістемесіне өзгеріс енгізу көзделеді.
Жоба 2020 жылғы 30 қыркүйекте «Ашық НҚА» интернет – порталында https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=5020461 «Мәдениет, дін, БАҚ» бөлімінде орналастырылды.