Covid-19 пандемиясы жағдайында ақпаратқа қол жеткізу

Covid-19 пандемиясы жағдайында ақпаратқа қол жеткізу

Бүгін министрлік өкілдері ақпаратқа қолжетімділік мәселелері және СOVID-19 пандемиясына ден қою шаралары бойынша өңірлік онлайн-кездесудің жұмысына қатысты. Кездесуді ЮНЕСКО-ның Алматы қаласындағы Кластерлік Бюросы ұйымдастырды.

Сондай-ақ, жұмысқа Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказдан келген уәкілетті мемлекеттік органдардың, омбудсмендер офистерінің және үкіметтік емес сектордың өкілдері қатысып, ақпаратқа қол жеткізу саласындағы тәжірибемен және соңғы үрдістермен бөлісті.

 Халықаралық ақпаратқа қол жеткізу күніне арналған кездесу дағдарыс кезінде ақпарат алу құқығының маңыздылығы туралы хабардар болуға, сондай-ақ азаматтардың өмірін сақтап қалу және COVID-19 туындаған дағдарысты еңсеру үшін ақпарат алу құқығын ілгерілетуге бағытталған.

 ЮНЕСКО-ның «Ақпаратқа қол жеткізу: тұрақты дамудың жаңа перспективасы» есебі таныстырылды (есеп сілтеме бойынша қолжетімді https://unesdoc.unesco.org/ark:/48223/pf0000374137/PDF/374137rus.pdf.multi).

Министрлік өкілдіктерінің кездесуі барысында Бекзат Рахимов пандемиямен күрес жағдайындағы ақпараттың ашықтығы мен шынайылығының жоғары маңыздылығын атап өтіп, Қазақстанның осы бағытта жүргізіп жатқан жұмысына жан жақты тоқталды.

Қазақстанда ақпаратқа қол жеткізу 2015 жылы қабылданған «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» тиісті заң шеңберінде қамтамасыз етілетінін атап өту қажет.

Осы Заң шеңберінде Министрлер мен әкімдердің халық алдындағы есептік кездесулері өткізіледі, Парламент палаталарының, Үкіметтің және орталық атқарушы және жергілікті өкілді және атқарушы органдардың алқалы органдарының ашық отырыстарын онлайн-трансляциялау жүзеге асырылады.

Ашық деректер, Ашық бюджеттер, Ашық НҚА және ашық диалог компоненттерінен тұратын «Ашық үкімет» порталы жұмыс істейді (https://egov.kz/).

 Ел халқына қолайлылықты қамтамасыз ету үшін, «Бір терезе» қағидаты бойынша ақпарат алу мақсатында мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасы іске қосылды (www.gov.kz) мемлекеттік органдардың қызметі туралы барлық қажетті ақпаратты бір ресурстан табуға мүмкіндік береді.

 Естеріңізге сала кетейік, пандемия жағдайында арнайы сайт жұмыс істейді (https://www.coronavirus2020.kz) және жеделхат-карантин кезіндегі мінез-құлық ережелері, коронавируспен күрес бойынша мемлекет қабылдайтын шаралар бойынша барлық өзекті ақпарат, сырқаттанғандар мен сауыққандар саны бойынша статистика, желіде таратылатын жалған ақпаратты теріске шығару және т. б. жинақталған арна.