Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес туралы заң Қазақстанға қалай әсер етті?

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес туралы заң Қазақстанға қалай әсер етті?

2024 жылдың 16 маусымыҚазақстанның әлеуметтік саясатындағы маңызды қадамБұл күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы 15 сәуірде қабылдағанӘйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралызаңға қол қойды

Мемлекет басшысы әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғаудың маңызын үнемі атап өтіп, оны мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі ретінде қарастырадыАзаматтарымыз еркін жүріп-тұратын қауіпсіз қоғам құруы­мыз қажетдеген болатын Мемлекет басшысы

Осыған байланысты әйелдер мен балалардың құқығын қорғау жүйесінде кешенді жұмыс жүргізіпнегізгі рөл атқаратын құрылымдар бар. Атап айтсақ, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, ҚР Ішкі істер министрлігі, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, ҚР Оқу-ағарту министрлігі

Бір жылдың ішінде мемлекет тек отбасылық саясатқа өзгеріс енгізіп қана қоймайсонымен қатар Орталық Азиядағы зорлық-зомбылыққа қарсы күресте ең тиімді жүйе қалыптастырды

Жаңа заңның негізгі өзерістері

​​Ұрып-соғу мен жеңіл дене жарақаты қылмыс деп танылдыБұл әрекеттер Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстен Қылмыстық кодекске қайта енгізіліпжаза күшейтілді

​​Бұзақыны жауапкершілікке тарту үшін жәбірленушінің арызы қажет емесБұл тұрмыстық саладағы құқықбұзушылар санының едәуір артуына мүмкіндік берді

​​Кәмелет жасқа толмағандарға қатысты зорлық-зомбылыққатыгездік көрсеткен жағдайда тараптарға татуласуға мүмкіндік берілмейді

       -​Сот агрессорды мәжбүрлі түрде психологиялық көмек алуға жіберіпжәбірленушімен байланысуына немесе бірге тұруына тыйым сала аладытіпті тұрғын үй агрессордың меншігі болған жайғдайда да.      

Заң тек жазалаумен шектелмейалдын алужәне қолдау жүйесін де енгізді

Мәселен, 52 «бұзақы» сот шешімімен міндетті психологиялық оңалтуға жіберілді. 20 жаңа психологиялық қолдау орталығы ашылды. Ел бойынша 112 отбасын қолдау орталықтары жұмыс істеп тұр. 2025 жылдың бірінші тоқсанында 34 мың отбасы әлеуметтікқұқықтық және психологиялық көмек алды. 2 мың отбасыға тұрақты көмек көрсетіліп жатыр

2025 жылдың басынан бастапөткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда

​​тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері 20,5%-ға азайды

​​отбасылық-тұрмыстық қылмыс саны 29%-ға төмендеді

​​кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық сипаттағы қылмыс 21,3%-ға азайды

​​педофилия фактілері 40,7%-ға қысқарды

19 мың тұрмыстық зорлық-зомбылық дерегі ресми арыз жазылмай-ақ анықталдыБұл оқиғалар өңірлердегі жедел топтардыңәлеуметтік желілеркуәгерлердің және сараптама топ мүшелерінің мәліметтері нәтижесінде тіркелді

Мектептерде «111» мемлекеттік байланыс орталығының QR-коды орнатылғаннан кейін балалар арасындағы зорлық-зомбылықбуллинг және күрделі психикалық-эмоциялық жағдайлар туралы фактілер жиі анықтала бастады

Жыл басынан бері балалардан 86 мыңнан астам смс-хабарлама келіп түстіОның ішінде 2 мыңнан астамызорлық-зомбылықбуллингсыныптастармен немесе ата-аналарымен қарым-қатынастан күйзеліске түскеніне байланысты көмек сұрағанӨз-өзіне қол жұмсауға әрекеттенген 28 жағдай анықталыптиісті шаралар қабылданды

«111» қызметіне ересектер де жүгінуде. 5 ай ішінде әлеуметтікбалалар қауіпсіздігіпсихологиялық көмек пен отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелері бойынша 62 мың қоңырау келіп түскен

Бір жылдың ішінде мемлекет отбасындағы зорлық-зомбылықпен күресте нақты әрекет қажет екенін дәлелдедіЖаңа заң құқықтық құрал ғана емесөз азаматтарын қорғауға бағытталған мемлекеттік жауапкершіліктің айқын көрінісі болды

 

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі