Гранттық қаржыландыру тетігін жетілдіру мақсатында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Азаматтық қоғам саласындағы сарапшылармен бірлесіп «Гранттар беру және олардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрық жобасын әзірледі. Жоба қолданыстағы гранттық қаржыландыру ережелеріне өзгеріс енгізеді.
Гранттық қаржыландыру қағидаларына өзгерістер енгізу кезінде гранттық жобаларды іске асырудың ашықтығы мен тиімділігіне баса назар аударылды. Атап айтқанда:
* сарапшылар тізімін қалыптастыру және жүргізу тәртібі регламенттелген. Регламент мыналарды қамтиды:
- сарапшылар тізімі «кездейсоқ» әдіспен іріктеліп алынады және 1 жыл мерзімге қалыптастырылады;
- сарапшылар туралы ақпарат ашық және жария болады;
- сараптамалық комиссиялардың отырыстары Оператордың сайтында және әлеуметтік желілерде көрсетілетін болады;
- сарапшылық комиссияға ҮЕҰ өкілдері – гранттарға ізденушілер жіберіледі, бірақ мүдделер қақтығысы туындаған жағдайда дауыс беру құқығынан айырылады.
* болашақ жобалардың орындылығын анықтау мақсатында гранттар тақырыптарын көпшілік алдында талқылау нормасы енгізілді. Тақырыптарды қалыптастыру кезінде мемлекеттік органдар өздерінің интернет-ресурстарында жария талқылау үшін гранттардың жоспарланған тақырыптарын орналастыратын болады. Бұдан әрі, тақырыптар ҮЕҰ өкілдерімен түрлі диалог алаңдарында (қоғамдық кеңестер, тыңдаулар және басқалар) талқыланады деп болжануда. Бұл кезеңде азаматтар мен үкіметтік емес ұйымдар өз пікірлерін білдіре алады. Мемлекеттік органдар осы талқылаулар негізінде гранттар тақырыптарын жоспарлайтын болады.
* ол гранттық жобаларды іске асыру тиімділігін бағалау тетігімен мониторинг рәсімдерін анықтады;
* конкурстық рәсімдерді өткізу мерзімдері регламенттелді: қолданыстағы қағидалар бойынша мерзім 79 жұмыс күніне дейінгі аралықты құрайды. Мерзімдерді 2 есе – 40 күнге дейін қысқарту ұсынылады. Өтінімдерді қабылдау мерзімдері регламенттелген: 20 (жиырма) жұмыс күні, конкурсты қайта өткізу кезінде 10 (он) жұмыс күні.
* сондай-ақ, мемлекеттік емес гранттар беру рәсімдері регламенттелген.
Жоба 2020 жылдың 18 қыркүйегінде «Ашық НҚА» интернет-порталында https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=4905691 «Иммиграция, көші-қон, азаматтық» бөліміне орналастырылды.
Қағида жобасын талқылауға қатысуыңызды сұраймыз.