Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Гранттар беру және олардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрық жобасын әзірледі. (бұдан әрі –Жоба)
Жоба «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» 2015 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-1-бабының 2-1) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Жоба 2020 жылғы 18 қыркүйекте «Ашық НҚА» интернет - порталында https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=490569 «Иммиграция, миграция, азаматтық» бөлімінде орналастырылды.
Қағидалар жобасын талқылауға қатысуды сұраймыз.