Құрметті қолданушылар!
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Ашық диалог» порталында «Мектептер мен жоғары оқу орындарында «медиасауаттылықты» енгізу мәселелері туралы» тақырыбында интернет-конференция өткізетіндігі туралы хабарлайды.
Халықтың медиалық және ақпараттық сауаттылығын қалыптастыру БАҚ дамуының маңызды бағыттарының бірі болып табылады.
Осыған орай, заманауи үрдістерді ескере отырып, мектептер мен жоғары оқу орындарындағы медиабілім бағытын белсенді дамыту қажеттілігі туындайды.
Интернет-конференция мектептер мен жоғары оқу орындарында «медиасауаттылық» пәнін енгізу қажеттілігіне қатысты ұсыныстар мен пікірлерді жинақтау мақсатында өткізіледі. Интернет-конференция нәтижелері халықтың медиалық және ақпараттық сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған жобаларды іске асыру кезінде ескеріледі.
Сіздерді https://dialog.egov.kz/conference/1217 сілтемесі бойынша аталған интернет-конференцияға қатысуға шақырамыз.
Интернет-конференция 2020 жылғы 2 сәуір сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін жүргізіледі.
Сіздің пікіріңіз біз үшін өте маңызды.
Қандай да бір сұрақтар туындаған жағдайда келесі телефон нөмірлеріне хабарласып, қажетті ақпаратты алуға болады: 8 (7172) 749235, 87029857977 (Ақмарал Жамалатова).