Меню

Страницы

Статья

«Рухани жаңғыру»

Бүгінгі таңда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы стратегиялық және ұзақ мерзімді сипаттағы еліміздің негізгі идеологиялық құжаты болып табылады.

Бағдарламаны іске асырудың үш жылында оның негізгі бағыттары бойынша кешенді жұмыс жүргізілді. Қазіргі уақытта бағдарламаның 17 арнайы жобасы іске асырылуда, олар бойынша халықты тарту үшін ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Соның  ішінде «Туған жер», «Қазақстанның сакралды географиясы», «100 жаңа оқулық», «Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет» жобаларын атап өтуге болады.

«Туған жер» жобасы аясында бағдарламаны іске асырудың барлық жылдарында 280 млрд.теңге демеушілік қаражат есебінен 7 мыңнан астам нысан салынды, 13 мың меценат тартылды. Қазақстандықтар туған жерін дамытуға белсенді қатысуда, әлеуметтік және азаматтық жауапкершіліктің өсіп келе жатқаны байқалады.

«Қазақстанның сакралды географиясы» жобасын іске асыру аясында жалпыұлттық маңызы бар киелі нысандар тізіміне 256 нысан және жергілікті маңызы бар нысандар тізіміне 575 нысан енгізілді. Бүгінгі таңда 2ГИС электрондық географиялық картаға 92 нысан қосылды.

Бағдарлама іске қосылғаннан бері республикалық маңызы бар 48 тарих және мәдениет ескерткіштеріне ғылыми-реставрациялау жұмыстары жүргізілді.

Жыл сайын туристер саны артып келеді. Қазақстандықтардың өз елінің тарихы мен мәдениетін білуге деген ұмтылысы дамуда. Ішкі турист өз елінің тарихы мен мәдениеті туралы білім алып қана қоймай, өзінің ұлттық бірегейлігін нығайтады, ал сыртқы турист тарихи деректермен танысады және Қазақстан туралы оң пікір қалыптастырады.

«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы қоғам тарапынан үлкен қолдауға ие болды, жастар үздік әлемдік үлгілер бойынша қазақ тілінде білім алуға мүмкіндік алды.

Бүгінгі таңда әлемдік бестселлерге айналған 100 кітап қазақ тіліне аударылып, еліміздің жоғары оқу орындарына таратылды, аталған кітаптардың электронды нұсқалары 100kitap.kz порталына орналастырылды. Сондай-ақ, бүгінде 88 мыңнан астам пайдаланушы тіркелген www.OpenU порталында мемлекеттік және орыс тілдерінде бейнекурстар ашылды.

Бұл оқулықтар әлемдік мәдениет пен құндылықтар негізінде жастар арасында заманауи дүниетанымды қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.

«Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет»  жобасы аясында шетелде – Қытайда, АҚШ-та, Түркияда, Ресейде, Финляндияда, Кореяда, Малайзияда, Венгрияда, Швецияда және т. б. елдерде 28 қазақстандық әдебиет орталығы ашылды.

Сондай-ақ, 71-ші Канн халықаралық фестивалінде соңғы жылдардағы үздік кинобейнелер мен жас кинематографистердің еңбектері танымал болды – Р. Әбдірашевтің «Қазақ хандығы», Дж. Веспаның «Әмре», Х. Ахметовтың «Аруах» туындылары.

«Ұлы Даланың ежелгі өнер және технологиялар музейі» жобасы Ұлттық музей базасында тақырыптық зал ашу арқылы жүзеге асырылды.

Әлемде орын алған өзгерістерді ескере отырып, бағдарламаға бірқатар жаңа арнайы жобалар енгізілді: «Үнем – қоғам қуаты» – прагматикалық өмір салтын енгізу, «Дәстүр мен ғұрып» – ұмыт болған, бірақ қазіргі уақытта өзекті дәстүрлерді жаңғырту, «Құқықтық мәдениет» – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, «Еңбек – елдің мұраты» – өнімді еңбекті ынталандыру, өскелең ұрпақ арасында еңбекке деген сүйіспеншілікті насихаттау.

Сондай-ақ, бүгінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының 2021 жылға арналған ұлттық жаңғыру кезеңіне көшуі бойынша жол картасы іске асырылуда, ол ҚР Президент Жолдауында айтылған идеяларды, «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласын, сондай-ақ еліміздің рухани-мәдени дамуына байланысты басқа да жарияланымдарды ескере отырып әзірленген. Аталған Жол картасы   ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 9 ақпандағы № 50 қаулысымен бекітілді (88 тармақ).

Аталған шараларды іске асыру нысаналы аудиториямен нақты жұмыс істеу және халықты қамту арқасында жоғарыда көрсетілген өмірлік бағдарларды қалыптастыруда жүйелілікке қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Осы бағыттағы жұмыс Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2021 жылғы 6 қазандағы № 167 өкімімен бекітілген «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ұлттық жаңғырту кезеңіне көшіру жөніндегі 2022-2024 жылдарға арналған жол картасы шеңберінде жалғастырылады.

Бұдан басқа, Министрлік (ҚР БҒМ және ҚР МСМ бірлесіп) «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасын (бұдан әрі - Ұлттық жоба) әзірледі. Бұл жоба Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жоғары Кеңестің 2021 жылғы 24 қыркүйектегі реформалар жөніндегі отырысында мақұлданып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 724 қаулысымен бекітілді.

Осы ұлттық жобаны тиімді іске асыру және онда белгіленген нәтижелерге қол жеткізу Қазақстанның қоғамдық сананы жаңғырту саласындағы стратегиялық міндеттерін шешуге, атап айтқанда, білімнің салтанат қыруын қалыптастыруға, ұлттық бірегейлікті, сананың ашықтығын, прагматизмді сақтауға және халықтың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал ететін болады.

Ұлттық жоба «халықтың өз елі үшін мақтаныш сезімін (тарихи мұра, даму, мәдениет, спорттағы жетістіктер, Отанды қорғауға, оның өркендеуіне жәрдемдесуге және т.б.) негіздейтін, елде іске асырылып жатқан саясатқа қанағаттану деңгейі» стратегиялық көрсеткішіне бағытталған.

Ұлттық жобада қазақстандық бірегейлік пен зияткерлік әлеуетті дамыту, жастарды әлеуметтендіру және жұмысқа орналастыру, жастарды қоғамдық пайдалы қызметке тарту және басқа да бағыттар көзделген.

Бұл бағыттар патриотизмді дамыту, білімге, еңбекқорлыққа, ұйымшылдық пен жауапкершілікке ұмтылу жөніндегі іс-шаралармен тікелей байланысты.

Ұлттық жобаны іске асыру нәтижесінде күтілетін әлеуметтік нәтиже – қазақстандық бірегейлік пен зияткерлік әлеуетті дамыту, халықты «Рухани жаңғыру» бағдарламасына тарту, патриотизм сезімін арттыру көзделеді. Ұлттық жоба тұтастай алғанда, қоғамдық сананы жаңғырту шеңберінде стратегиялық міндеттерді шешудегі бірқатар жалпыұлттық идеологиялық мәселелерге лайықты жауап болып табылады.

Дата публикации
14 апреля 2020
Дата обновления
14 апреля 2020
Тип
Бағыттар

Сейчас читают

22 июля 2025
Өмірлік жағдайлар
29 октября 2024
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдар тізбесі
24 июля 2024
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ КАРТОГРАММАСЫ

Социальные медиа

Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы