Меню

Страницы

Статья

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеуді жүзеге асырудың мерзiмi мен шарттары туралы хабарлама

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеуді жүзеге асырудың мерзiмi мен шарттары туралы ХАБАРЛАМА

 

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін 2021 жылға арналған жыл сайынғы аккредиттеуді өткізетіндігін хабарлайды.

 

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1089 қаулысымен бекітілген Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiне аккредиттеу жүргiзу қағидалары(бұдан әрі – Қағида) сәйкес жүзеге асырылады.

 

Аккредиттеу алу үшiн өтiнiш берушi Министрлікке мынадай құжаттарды:

1) белгіленген үлгідегі өтiнiш;

2) салыстыру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда, құрылтай құжаттарының және бiрлестiктi заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы куәлiктiң* немесе анықтаманың нотариалды куәландырылған көшiрмелерiн;

Ескертпе: * - «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.

3) бiрлестiк мүшелерiнiң тiзiмiн ұсынады.

 

Егер:

1) ұсынылған құжаттар Қағидалардың 7-тармағының талаптарына сәйкес келмеген;

2) бiрлестiк өз мүшелерiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау жөнiндегi қызметтi жүзеге асырмаған;

3) ұсынылған құжаттарда сенiмсiз немесе толық емес мәлiметтер болған жағдайда аккредиттеуден бас тартылуы мүмкiн.

Аккредиттеу туралы куәлiк үш жыл мерзімге берiледi.

 

Аккредиттеуге  құжаттарды қабылдау 2021 жылғы 1 – 12 ақпан аралығында (жұмыс күндері сағат 9.00 мен 18.00 аралығы), Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел даңғылы 8, 14- кіреберіс мекен-жайы бойынша орналасқан Министрлік Кеңсесімен жүргізіледі.

анықтама телефондары: 74-13-12, 74-10-12, 8-702-470-02-01

                  

 

Дата публикации
01 февраля 2021
Дата обновления
01 февраля 2021
Тип

Сейчас читают

22 июля 2025
Өмірлік жағдайлар
29 октября 2024
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдар тізбесі
24 июля 2024
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ КАРТОГРАММАСЫ

Социальные медиа

Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы