1. Жалпы ережелер
1.Ақпараттандыру департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
2.Департамент өз қызметінде Құрылымдық бөлімше өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
3.Департамент құрылымы, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен, Министрліктің жауапты хатшысымен бекітіледі.
4.Департамент:
Ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру басқармасынан (бұдан әрі – АСМСҚБ);
Ақпараттандырудың жаңа моделін дамыту және нормативтік-техникалық құжаттамаға сараптама жүргізу басқармасынан (бұдан әрі – АЖМДжНТҚСЖБ);
«Электронды үкіметтің» ішкі контур жобалары басқармасынан (бұдан әрі – ЭҮІКЖБ) құрылған.