Меню

Страницы

Статья

мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру туралы қосымша хабарлама

 

2020 жылғы 27 мамырда Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мерзімді баспасөз басылымдары (газеттер мен журналдар), интернет-ресурстар және теле-, радиоарналар үшін республикалық деңгейде мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыруды өткізетіні туралы хабарлады.

2020 жылғы 2 маусымнан Министрлік кеңсесінің жұмысы қашықтық жұмысқа ауысуына байланысты конкурсқа қатысу үшін құжаттарды Министрліктің қызметкерлерін 8 (7172) 74 18 66, 74 01 31 байланыс нөмерлері бойынша алдын-ала ескерте отырып, Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел к., 8, Министрліктер үйі, 13-кіреберісі арқылы ұсынуды сұраймыз.

Құжаттарды қабылдау мерзімі алдыңғы хабарламаға сәйкес, яғни 2020 жылғы 11 маусым сағат 17:00-ге дейін сақталатынын қосымша хабарлаймыз.

Конкурстық өтінімдер салынып, мөрмен бекітілген (бар болған жағдайда), конвертте «Республикалық деңгейде мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру бойынша конкурсқа» деген белгісімен және конвертте қоса берілетін құжаттардың тізбесін бекіту қажет.

Конвертте желімделген конкурстық өтінімдер ақпараттық хабарламада көрсетілген өтінімдерді қабылдау мерзімі өткеннен кейін Комиссияның қарауына қабылданбайды.

Өтінімдері бар конверттердің ашылуы Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел к., 8, Министрліктер үйі, 15-кіреберіс, 739 кабинет мекенжайы бойынша 2020 жылы 12 маусымда өтеді.

Тапсырысқа қатысу үшін өтінімді Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017 жылғы 28 ақпандағы № 75 бұйрығымен бекітілген Республикалық деңгейде мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидасының (бұдан әрі – Қағида) 1-қосымшаға сәйкес уақтылы беру қажет.

Сонымен бірге, өтінімде Қағиданың 1-1 қосымшасына сәйкес қатысу құжаттарының тізімін қоса ұсыну қажет.

Дата публикации
02 июня 2020
Дата обновления
02 июня 2020
Тип
БАҚ үшін

Сейчас читают

22 июля 2025
Өмірлік жағдайлар
29 октября 2024
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдар тізбесі
24 июля 2024
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ КАРТОГРАММАСЫ

Социальные медиа

Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы