Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мерзімді баспасөз басылымдары (газеттер мен журналдар), интернет-ресурстар және теле-, радиоарналар үшін республикалық деңгейде мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыруды өткізетіні туралы хабарлайды.
Конкурстық өтінімдер салынып, мөрмен бекітілген (бар болған жағдайда), конвертте «Республикалық деңгейде мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру бойынша конкурсқа» деген белгісімен және конвертте қоса берілетін құжаттардың тізбесін бекіту қажет, құжаттамалардың қабылдануы 2020 жылғы 11 маусым
17:00-ге дейін Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел к., 8, Министрліктер үйі, 15-кіреберіс Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің кеңсесі мекен-жайы бойынша жүргізіледі.
Конвертте желімденген конкурстық өтінімдер ақпараттық хабарламада көрсетілген өтінімдерді қабылдау мерзімі өткеннен кейін Комиссияның қарауына қабылданбайды.
Өтінімдері бар конверттердің ашылуы Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел к., 8, Министрліктер үйі, 15-кіреберіс, 739 кабинет мекен-жайы бойынша 2020 жылы 12 маусымда өтеді.
Тапсырысқа қатысу үшін өтінімді Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017 жылғы 28 ақпандағы № 75 бұйрығымен бекітілген Республикалық деңгейде мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидасының (бұдан әрі – Қағида) 1-қосымшасына сәйкес уақтылы беру қажет.
Сонымен бірге, өтінімде Қағиданың 1-1 қосымшасына сәйкес қатысу құжаттарының тізімін қоса ұсыну қажет.
Республикалық деңгейде мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларын бекіту туралы Мерзімді баспасөз басылымдары (газеттер) үшін 2020 жылдағы 3-кезеңге арналған мемлекеттік ақпараттық саясаттың тақырыптық бағыттарының ТІЗБЕСІ Мерзімді баспасөз басылымдары (журналдар) үшін 2020 жылдағы 3-кезеңге арналған мемлекеттік ақпараттық саясаттың тақырыптық бағыттарының ТІЗБЕСІ Теле-, радиоарналар үшін 2020 жылдағы 3-кезеңге арналған мемлекеттік ақпараттық саясаттың тақырыптық бағыттарының ТІЗБЕСІ Интернет-ресурстар үшін 2020 жылдағы 2-кезеңге арналған мемлекеттік ақпараттық саясаттың тақырыптық бағыттарының ТІЗБЕСІ