Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2023-2027 жылдарға арналған
Даму жоспарының анықтамалық ақпарат
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) 2024 жылғы 4 қаңтардағы № 3-НҚ бұйрығымен бекітілген 2023-2027 жылдарға арналған Даму жоспары әзірленді.
Есепті кезеңде Министрліктің 2024 жылғы 31 желтоқсандағы № 655-НҚ бұйрығына сәйкес, 2024 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау және түзету аясында, сондай-ақ мемлекеттік жоспарлау жүйесін қалыптастырудың жаңартылған тәсілдеріне сәйкес Даму жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Негізгі ұлттық индикаторлардың декомпозициясын ескере отырып, Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарын іске асыруға мақсатында (Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 30 шілдедегі № 611 Жарлығымен бекітілген) 3 бағыт, 2 нысаналы индикатор, 1 нәтиже көрсеткіші белгіленіп, Министрліктің өзіне жүктелген басқа міндеттері мен мақсаттарын іске асыру шеңберінде 1 бағыт, 1 нысаналы индикатор, 9 нәтиже көрсеткіші айқындалды.
2024 жылдың қорытындысы бойынша жоспарланған стратегиялық мақсат аясындағы 3 нысаналы индикатордың барлығына толық көлемде қол жеткізілді.
Анықтама:
Барлығы 11 нәтиже көрсеткіші көзделген, оның ішінде 10-ы толық көлемде орындалды, 1 көрсеткішке қол жеткізілмеді.
Анықтама:
2.Халықтың мәдениет саласындағы қызмет көрсету сапасына қанағаттанушылық деңгейі: жоспар–75%, факт –76,6%;
3.Халықтың мемлекеттік рәміздерді қолдану және насихаттау жұмысы туралы хабардар болу деңгейі: жоспар – 84%, факт – 65,1%;
- негізгі орта білім алу :жоспар – 10,6, факт – 11;
- техникалық және кәсіптік білім алу: жоспар –11,1, факт – 11,6;
- жоғары білім алу: жоспар –11, факт – 11,9;
10.Халықтың этносаралық келісімді қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатқа қанағаттану деңгейі: жоспар – 87,23%, факт – 89,1