«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағытын іске асырудың кейбір мәселелері туралы

«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағытын іске асырудың кейбір мәселелері туралы 

 

 

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 31 шілдедегі № 301/НҚ қаулысымен бекітілген Жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес, және «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағытын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағытының жобалар тобын іске асырудың 2025 жылға арналған картасы бекітілсін.
  2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Жобалық офисі жүйедегі жобаларды толтыру бойынша үлгілік базалық бағыттың жобалар тобының басшыларына қолдау көрсетсін.
  3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Кадр жұмысы департаментінің директоры Р.Н. Ешмұхамбетовке жүктелсін.
  4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Аппарат басшысы               қол қойылды                       Р. Мұхаметқали

 

приказ
Дата публикации
01 апреля 2025