Жеке және заңды тұлғаларға – Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің контрагенттеріне

 

Жеке және заңды тұлғаларға – Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің контрагенттеріне

 

     Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Ж. Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс-қимыл кезеңі» атты жолдауын, сондай-ақ «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің мақсаттары мен міндеттерін іске асыру мақсатында келесіні хабарлайды.

   Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың басымдығы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың уақтылы алдын алу болып табылады, ол сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауға және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған алдын алу шараларын жүргізуді қамтиды.

 Министрлік жүйелі негізде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жоюға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға және сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар жүргізуде.

   Алайда, сыбайлас жемқорлық сипатындағы бұзушылықтар орын алады.

  Осыған байланысты, Министрлік, сондай-ақ оның ведомстволық бағынысты ұйымдары мемлекеттік сатып алу шарттары және өнім берушілерден азаматтық-құқықтық сипаттағы басқа да шарттар бойынша тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді қабылдауға қол қою және жеделдету бойынша қосымша шығыстарды өндіріп алмайтынын хабарлайды.

  Қосымша шығындарды өндіріп алу заңсыз, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыс болып табылады.

   Өнім берушілермен қарым-қатынас заңнамалық және қол қойылған шарттық құқықтар мен міндеттер аясында болуы керектігін атап өту қажет.

  Министрлік Нұр-сұлтан қаласы, Дінмұхамед Қонаев көшесі, 4 мекенжайы бойынша орналасқан «Қазмедиа орталығы» ғимаратының негізінде «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесін ашылғанын атап өту қажет.

    Осыған байланысты, жоғарыда көрсетілген бұзушылықтар анықталған жағдайда келесі телефон нөмірлеріне хабарласуыңызды сұраймыз:

     «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Лима Диас – 8 701 982 70 56;

     Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Заң департаменті Құқықтық мониторинг және талдау басқармасының басшысы Назым Кенжеғұлқызы Бостанова – 8 701 425 76 89;

   «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің менеджері Аида Жомартқызы Кушумова – 8 702 325 88 85

    Электрондық мекен-жайы: adaldykmior@gmail.com

 

          Жауапты хатшы                                                                   Ж. Қожахметов

 

 

Жеке және заңды тұлғаларға – Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің контрагенттеріне
Дата публикации
30 сентября 2020