«Республикалық конкурстар мен фестивальдерді өткізудің үлгілік қағидасын бекіту туралы» ҚР Мәдениет министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 56 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

«Республикалық конкурстар мен фестивальдерді өткізудің үлгілік қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет министрінің
2011 жылғы 31 наурыздағы № 56 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6923 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

 

БҰЙЫРАМЫН: «Республикалық конкурстар мен фестивальдерді өткізудің үлгілік қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет министрінің 
2011 жылғы 31 наурыздағы № 56 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6923 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Республикалық конкурстар мен фестивальдерді өткізудің үлгілік қағидасында: 16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «16. Конкурс және (немесе) фестиваль қатысушыларының өнерін бағалау, сондай-ақ, қорытынды шығару үшін қазылар алқасы құрылады. Республикалық конкурстардың және (немесе) фестивальдердің қазылар алқасының құрамы мемлекеттік органдардың өкілдерінен, мәдениет және өнердің көрнекті қайраткерлерінен құралады және уәкілетті органмен бекітіледі. Өңірлердің конкурстары және (немесе) фестивальдердің қазылар алқасының құрамы мемлекеттік органдардың өкілдерінен, мәдениет және өнердің көрнекті қайраткерлерінен құралады және жергілікті атқарушы органмен бекітіледі.». 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды; 3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Лауазымы Аты-жөні
Дата публикации
15 апреля 2024