Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды бекіту туралы

 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған: 1) мемлекеттік жастар және отбасы саясаты саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт (Жастар және отбасы істері комитеті) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес; 2) азаматтық қоғамды қолдау саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт (Азаматтық қоғам істері комитеті) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес; 3) діни қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт (Дін істері комитеті) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес; 4) ақпарат саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт (Ақпарат комитеті) осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес; 5) этносаралық қатынастарды дамыту саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт (Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті) осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес; 6) мәдениет саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт (Мәдениет комитеті) осы бұйрықтың 6-қосымшасына сәйкес; 7) архив және кітап ісі комитеті саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт (Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті) осы бұйрықтың 7-қосымшасына сәйкес; 8) цифрландыру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт (Цифрлық трансформациялау және жобалық менеджмент департаменті) осы бұйрықтың 8-қосымшасына сәйкес; 9) ақпаратқа қол жеткізу саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт (БАҚ саласындағы мемлекеттік саясат департаменті) осы бұйрықтың 9-қосымшасына сәйкес; 10) мемлекет пен қоғам саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт (Мемлекет пен қоғам коммуникацияларын дамыту департаменті) осы бұйрықтың 10-қосымшасына сәйкес; 11) білім және ғылыми жұмыс саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт (Білім және ғылыми жұмыс департаменті) осы бұйрықтың 11-қосымшасына сәйкес; 12) креативті индустриялар саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт (Креативті индустриялар департаменті) осы бұйрықтың 12-қосымшасына сәйкес бекітілсін. 2. «Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жауапты хатшысының 2019 жылғы 28 маусымдағы № 190 бұйрығы жойылсын. 3. Кадр жұмысы департаменті Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің құрылымдық бөлімдерін осы бұйрықпен таныстырсын. 4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және таратылуға тиіс. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі аппарат басшысының міндетін атқарушы А. Садвақасов
Дата публикации
10 апреля 2024