«Ұлттық архив қорының сақталуын қамтамасыз ету» кәсіби стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 28 қыркүйектегі № 265 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Ұлттық архив қорының сақталуын қамтамасыз ету кәсіби стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 28 қыркүйектегі № 265 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14390 болып тіркелді) келесі өзгерістер енгізілсін:
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Ұлттық архив қорының сақталуын қамтамасыз ету кәсіби стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 28 қыркүйектегі № 265 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14390 болып тіркелді) келесі өзгерістер енгізілсін: жоғарыда аталған бұйрықпен бекітілген «Ұлттық архив қорының сақталуын қамтамасыз ету» кәсіби стандарты осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрық бекітілген күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін оны қазақ және орыс тілдерінде «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі А. Балаева «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Дата публикации
05 апреля 2024