Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны директорының бос лауазымына байқау жариялайды

Байқауға қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

  1. Орналасқан жері, пошталық мекенжайы, телефоны көрсетілген

кәсіпорынның атауы, оның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы:

«Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны: Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 10/1 ғимарат мекенжайында орналасқан, тел.: 8(7172)70-53-03

Кәсіпорын қызметінің мәні мәдениет саласындағы қызметті жүзеге асыру болып табылады.

Кәсіпорын қызметінің мақсаты - халықты рухани-мәдени байыту, әдебиет пен өнер туындыларын көпшілік алдында орындауға жағдай жасау және көркем ұжымдар мен жекелеген орындаушыларды насихаттау.

1. Орналасқан жері, пошталық мекенжайы, телефоны көрсетілген кәсіпорынның атауы, оның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы: «Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны: Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 10/1 ғимарат мекенжайында орналасқан, тел.: 8(7172)70-53-03 Кәсіпорын қызметінің мәні мәдениет саласындағы қызметті жүзеге асыру болып табылады. Кәсіпорын қызметінің мақсаты - халықты рухани-мәдени байыту, әдебиет пен өнер туындыларын көпшілік алдында орындауға жағдай жасау және көркем ұжымдар мен жекелеген орындаушыларды насихаттау. 2. Үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптары: Кадрларды даярлау бағыттарының бірі бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім: педагогикалық ғылымдар (музыкалық білім, тілдер мен әдебиет бойынша) және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар (өнер) және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (мәдениеттану) және/немесе бизнес, басқару және құқық. Мәдениет саласында немесе басшылық лауазымдарда кемінде 5 жыл немесе Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдар үшін кемінде 5 жыл жұмыс өтілі немесе Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдік жоғары оқу орындарында Жұмыс органы бекітетін басым мамандықтар бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқуды аяқтаған тұлғалар үшін және кадрлар даярлау бағыттарының бірі бойынша ғылыми дәрежесі бар тұлғалар үшін мәдениет саласында немесе басшылық лауазымдарда және кадрларды даярлау бағыттарының бірі: педагогикалық ғылымдар (музыкалық білім, тілдер мен әдебиет бойынша) және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (мәдениеттану) және/немесе бизнес, басқару және құқық (жалпы даму пәні, жаратылыстану пәндері, гуманитарлық пәндер, Тілдер мен әдебиеттер бойынша мұғалімдерді даярлау бойынша) және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар (өнер) және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат және/немесе бизнес, басқару және құқық бойынша ғылыми дәрежесі бар тұлғалар үшін кемінде 4 жыл жұмыс өтілі болуы тиіс. 3. Функционалдық міндеттері: Кәсіпорынның шығармашылық, өндірістік, әкімшілік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметіне басшылық жасайды; кәсіпорын мүлкінің сақталуын және тиімді пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады; сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жұмысты ұйымдастырады; кәсіпорын қызметінің саясаты мен стратегиясын айқындайды; қаржылық және материалдық қамтамасыз етуді, күнтізбелік және перспективалық репертуарлық жоспарларды әзірлеуді, репертуарды жалға алуды, жаңа және жаңартылатын концерттер, спектакльдер, мюзиклдер шығаруды ұйымдастырады; қойылымдық топтар мен орындаушылардың құрамын, жаңа және жаңартылатын концерттер, спектакльдер, мюзиклдер бойынша жұмыстардың жоспарлары мен кестелерін, дизайн эскиздері мен макеттерін бекітеді; кәсіпорынды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімі мен тәжірибесін дамыту, еңбек жағдайларын жасау, ұжымда қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыру жөнінде шаралар қабылдайды; директордың орынбасарлары, құрылымдық бөлімшелер мен филиал басшылары мен мамандары арасында жұмыстың жекелеген бағыттарын бөледі; шарттар жасасады және бұзады, мәмілелер жасайды, сенімхаттар береді, қажетті есептілікті ұсынуды қамтамасыз етеді, бұйрықтар шығарады, сот, мемлекеттік органдар мен ұйымдарда кәсіпорынның мүдесін білдіреді; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қауіпсіздік талаптарының жүзеге асырылуын бақылауды қамтамасыз етеді. 4. Білуі тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы», «Мәдениет туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңдарын, Дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету қағидалары, ішкі еңбек тәртібі, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария жөніндегі тәртібі, өрт қауіпсіздігі талаптары. 5. Байқауға қатысуға үміткер тұлға байқау өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімдерде мынадай құжаттарды ұсынады: 1) байқауға қатысу туралы өтініш; 2) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме; 3) еркін нысанда жазылған өмірбаян; 4) білім туралы құжаттардың көшірмелері (қосымшаларымен); 5) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан еңбек шартын қабылдау және тоқтату туралы бұйрықтар көшірмесі немесе қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтерді қамтитын мұрағаттық анықтама; 6) № 075-у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама; 7) жеке куәліктің көшірмесі; 8) адамның сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтер (кандидат eGov арқылы алады). Байқауға қатысушы оның біліміне, жұмыс өтіліне, даярлық деңгейіне қатысты қосымша (біліктілігін арттыру туралы құжаттардың, дәрежелері мен атағы туралы құжаттардың, ғылыми жарияланымдардың, сондай-ақ алдыңғы жұмыс орнынан ұсынымдардың көшірмелері және т.б.) ұсына алады. Байқауға қатысу үшін құжаттарды қабылдау 2024 жылғы «29» наурыздан 2024 жылғы «12» сәуірге дейін жарияланған сәттен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде жүргізіледі. 6. Байқауды өткізу күні мен орны: Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 8, «Министрліктер Үйі» ғимараты, 14 кіреберіс. Әңгімелесуді өткізу күні байқауға қатысушыларға қосымша хабарланатын болады. Құжаттар Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 8, «Министрліктер Үйі» ғимараты, 14 кіреберіс, 676 кабинет мекенжайы бойынша қолма-қол немесе пошта арқылы қабылданады. Толық ақпаратты +7 (7172)74-04-59 телефоны арқылы алуға болады. Эл.пошта: l.kulzhabaeva@mki.gov.kz
Дата публикации
28 марта 2024