Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті «Бейнелеу өнерін қолдауға бағытталған іс-шаралар кешенін ұйымдастыру және өткізу», «Театр өнері бағытындағы іс-шаралар кешенін ұйымдастыру (ерекше қажеттіліктері бар адамдармен жұмыс істейтін мәдениет және өнер саласындағы ұйымдар мен үкіметтік емес ұйымдар, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар шығармашылық адамдар мен қызметкерлер арасында «Ónerpaz bolsań…» фестивалі»)» бағыттар бойынша стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс аясында конкурсқа құжаттарды қабылдайтынын жариялайды.