«Мәдениет саласындағы әкімшілік деректер жинауға арналған нысандарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі бұйрығының жобасына түсіндірме жазба

  1. 1. Әзірлеуші мемлекеттік органның атауы.

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі.

  1. Тиісті құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Президенттің, Президент Әкімшілігі, Үкімет және Үкімет Аппараты басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмаларына сілтеме жасай отырып, жобаны қабылдау үшін негіздемелер және/немесе оны қабылдау қажеттігінің басқа да негіздемелері.

«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының Заңының Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылдың 4 қазандағы бекітілген № 866 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы Ережесінің 15-тармақтың 314) тармақшасына сәйкес, сондай-ақ 2023 жылғы 13 қарашада Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі мен Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің қатысуымен өткен кездесу қорытындыларының хаттамасын іске асыру мақсатында.

3. Жоба бойынша қаржы шығындарының қажеттігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай-ақ қажет болған жағдайда Республикалық бюджет комиссиясының шешімі (тиісті есеп-қисаптар, қаржыландыру көзіне сілтеме, Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесі міндетті түрде түсіндірме жазбаға қоса беріледі). Жобаны қабылдау мемлекеттік бюджеттен қаржылық шығындарға әкеп соқпайды. 4. Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге салдар, сондай-ақ жоба ережелерінің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпалы. Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және (немесе) өзге де құқықтық салдарға әкеп соқпайды, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпал етпейді. 5. Нақты мақсаттар мен күтілетін нәтижелердің мерзімдері. Жобаны қабылдаудың мақсаты мәдениет саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын бекіту болып табылады. 6. Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер. Жоқ. 7. Енгізілетін жоба қабылданған жағдайда заңнаманы оған сәйкес келтіру қажеттігі (басқа нормативтік құқықтық актілерді қабылдау немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу талап етілетін-етілмейтінін көрсету) не ондай қажеттіліктің болмауы. Талап етілмейді. 8. Нормативтік құқытық актінің жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы ақпарат (күні, байт саны). Жоба Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында, сондай-ақ 2024 жылғы «__» __________ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған. Байт саны: ___ КБ. 9. Әлеуметтік маңызы бар нормативтік құқықтық актінің жобасына түсіндірме жазбаны уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастыру туралы ақпарат. Талап етілмейді. 10. Нормативтік құқықтық акті жобасының Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі. Сәйкес келеді. 11. Нормативтік құқықтық акті жобасының қолданысқа енгізілуіне байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығынының азаюын және (немесе) ұлғаюын растайтын есеп-қисаптар нәтижелері. Талап етілмейді. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі А. Балаева
Дата публикации
13 марта 2024