«Ұлттық мәдени игiлiк объектiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 112 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрық жобасына түсіндірме жазба
1. Әзірлеуші мемлекеттік органның атауы. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі. 2. Тиісті құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Президенттің, Президент Әкімшілігі, Үкімет және Үкімет Аппараты басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмаларына сілтеме жасай отырып, жобаны қабылдау үшін негіздемелер және/немесе оны қабылдау қажеттігінің басқа да негіздемелері. Мәдениет комитетінде және оған ведомстволық бағынысты ұйымдарда жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындысымен жасақталған анықтамаларды анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі 2022 жылғы 20 желтоқсандағы іс-шаралар жоспарының 9-тармағын орындау аясында «Мәдениет туралы» ҚР Заңының 7-бабы 21-1) тармақшасына сәйкестендіру мақсатында. 3. Жоба бойынша қаржы шығындарының қажеттігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай-ақ қажет болған жағдайда Республикалық бюджет комиссиясының шешімі (тиісті есеп-қисаптар, қаржыландыру көзіне сілтеме, Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесі міндетті түрде түсіндірме жазбаға қоса беріледі). Талап етілмейді. 4. Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге салдар, сондай-ақ жоба ережелерінің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпалы. Бұйрық жобасы қабылданған жағдайда теріс әлеуметтік-экономикалық және (немесе) өзге салдарға әкеліп соқпайды, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге әсер етпейді. 5. Нақты мақсаттар мен күтілетін нәтижелердің мерзімдері. Бұйрыққа өзгерістер енгізудің мақсаты Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы» ҚР Заңының 7-бабы 21-1) тармақшасына сәйкестендіру. Күтілетін нәтижелердің мерзімі – осы бұйрықтың қолданылу мерзімімен бастап. 6. Жобада қаралатын мәселелер бойынша бұрын қабылданған актілер және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы «Ұлттық мәдени игiлiк объектiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзу қағидаларын бекiту туралы» № 112 бұйрығы. 7. Енгізілетін жоба қабылданған жағдайда заңнаманы оған сәйкес келтіру қажеттігі (басқа нормативтік құқықтық актілерді қабылдау немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу талап етілетін-етілмейтінін көрсету) не ондай қажеттіліктің болмауы. Талап етілмейді. 8. Нормативтік құқытық актінің жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы ақпарат (күні, байт саны). Бұйрық жобасы 2024 жылы _____________ Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің www.mki.gov.kz интернет-ресурсында және 2024 жылы ___________ аралығында ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жария талқылау үшін орналастырылған (__ Кб). 9. Әлеуметтік маңызы бар нормативтік құқықтық актінің жобасына түсіндірме жазбаны уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастыру туралы ақпарат. Талап етілмейді. 10. Нормативтік құқықтық акті жобасының Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі. Сәйкес келеді. 11. Нормативтік құқықтық акті жобасының қолданысқа енгізілуіне байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығынының азаюын және (немесе) ұлғаюын растайтын есеп-қисаптар нәтижелері. Жоқ. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі Е. ӘліқұловДата публикации
23 февраля 2024