Кейбір бірлескен бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫЗ: 1. «Мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры және архивтер туралы заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 9 маусымдағы № 172 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 14 тамыздағы № 301 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15644 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: Тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры және архивтер туралы заңнамасының сақталуының тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қоса беріліп отырған бекітілсін: 1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры және архивтер туралы заңнамасының сақталуының тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары; 2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің, орталық мемлекеттік архивтер мен мемлекеттік архивтердің жинақтау көздерінде Электрондық құжат және электронды цифрлық қолтаңба туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының электрондық құжаттар мен электрондық архивтер бөлігінде сақталуының тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары; 3) осы бірлескен бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры және архивтер туралы заңнамасының сақталуының тексеру парағы; 4) осы бірлескен бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің, орталық мемлекеттік архивтер мен мемлекеттік архивтердің жинақтау көздерінде Электрондық құжат және электронды цифрлық қолтаңба туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының электрондық құжаттар мен электрондық архивтер бөлігінде сақталуын тексеру парағы; 5) осы бірлескен бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры және архивтер туралы заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесін айқындау үшін субъективті өлшемшарттардың тізбесі; 6) осы бірлескен бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінің, орталық мемлекеттік архивтер мен мемлекеттік архивтердің жинақтау көздерінде электрондық құжат және электронды цифрлық қолтаңба туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының электрондық құжаттар мен электрондық архивтер бөлігінде сақталуына тәуекел дәрежесін айқындау үшін субъективті өлшемшарттардың тізбесі.»; осы бұйрықпен бекітілген мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры және архивтер туралы заңнамасының сақталуының тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры және архивтер туралы заңнамасының сақталуының тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры және архивтер туралы заңнамасының сақталуының тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі – Өлшемшарттар) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 141-бабының 5 және 6-тармақтарына, 143-бабының 1-тармағына, «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 шілдедегі № 3 бұйрығымен бекітілген «Тексеру парағының нысанын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17371 болып тіркелген) және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 22 маусымдағы № 48 бұйрығымен бекітілген Реттеуші мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыру қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28577 болып тіркелген) сәйкес бақылау субъектілерін тәуекел дәрежелеріне жатқызуға және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды (бұдан әрі – профилактикалық бақылау) жүргізу кезінде бақылау субъектілерін іріктеу үшін әзірленді.»; 10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «10. Объективті өлшемшарттарға мыналар: жоғары тәуекел дәрежесіне: 1) мемлекеттік органдар болып табылмайтын заңды тұлғалар, ұйымдық-құқықтық нысанына қарай ұйымдары, олардың қызметінде ҰАҚ құжаттары және басқа да архивтік құжаттар қалыптастырылады; 2) қызметінде ҰАҚ құжаттарының және басқа да архивтік құжаттар қалыптастырылатын Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің, орталық мемлекеттік архивтер мен мемлекеттік архивтердің жинақтау көздері; орташа тәуекел дәрежесіне: 1) қызметінде ҰАҚ құжаттары және басқа да архивтік құжаттар қалыптасатын мемлекеттік органдардың және жергілікті атқарушы органдардың ведомствоға қарасты заңды тұлғалары; төмен тәуекел дәрежесіне: 1) қызметінде ҰАҚ құжаттары қалыптастырылатын мемлекеттік емес заңды тұлғалар жатады.»; 19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «19. Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесін бағалау үшін келесі ақпарат көздері пайдаланылады: 1) бақылау субъектісі ұсынған есептілік және мәліметтер мониторингінің нәтижелері; 2) бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы алдыңғы тексерулердің және профилактикалық бақылаудың нәтижелері; 3) мемлекеттік органдар мен ұйымдар ұсынған мәліметтерді талдау нәтижелері. Бақылау субъектісі ұсынған есептілік және мәлімет мониторингінің нәтижелері бойынша мынадай көрсеткіштер қабылданады: 1) архив қоймаларындағы архивтік құжаттардың болуын және жай-күйін тексеру; 2) есепке алу құжаттарындағы деректерді мемлекеттік архив паспортымен, қор карточкаларымен салыстыру; 3) сараптау тексеру комиссиясының отырысына ұсынылған құжаттардың құндылығына ғылыми-техникалық сараптама нәтижелері бойынша құжаттардың толық болмауы және физикалық жағдайының қанағаттанарлықсыз болуы; 4) уәкiлеттi органға, жергiлiктi атқарушы органдарға, мемлекеттiк архивтерге архив қорлары туралы мәлiметтер беру үшiн түскен сұраныстарды талдау; 5) жинақтау көздері – ұйымдардағы архив ісі және құжаттардың сақталуы бойынша мемлекеттік архивтер ұсынатын талдамалық ақпараттар. Мемлекеттік органдар мен ұйымдар ұсынатын мәліметтерді талдау нәтижелері ведомстволық архивтер ұсынған ақпараттың беруін білдіреді: 1) ғылыми-техникалық өңдеу; 2) ғылыми-анықтамалық аппарат; 3) архивтік құжаттарды есепке алу.»; көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры және архивтер туралы заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына қосымша осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; осы бұйрықпен бекітілген мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің, орталық мемлекеттік архивтер мен мемлекеттік архивтердің жинақтау көздерінде Электрондық құжат және электронды цифрлық қолтаңба туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының электрондық құжаттар мен электрондық архивтер бөлігінде сақталуының тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің, орталық мемлекеттік архивтер мен мемлекеттік архивтердің жинақтау көздерінде Электрондық құжат және электронды цифрлық қолтаңба туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының электрондық құжаттар мен электрондық архивтер бөлігінде сақталуының тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің, орталық мемлекеттік архивтер мен мемлекеттік архивтердің жинақтау көздерінде Электрондық құжат және электронды цифрлық қолтаңба туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының электрондық құжаттар мен электрондық архивтер бөлігінде сақталуы тұрғысынан тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі – Өлшемшарттар) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 141-бабының 5 және 6-тармақтарына, 143-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы», «Электрондық құжат және электронды цифрлық қолтаңба туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы № 236 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттаманы жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы», Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 шілдедегі № 3 бұйрығымен бекітілген «Тексеру парағының нысанын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17371 болып тіркелген) және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 22 маусымдағы № 48 бұйрығымен бекітілген Реттеуші мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыру қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28577 болып тіркелген) сәйкес бақылау субъектілерін тәуекел дәрежелеріне жатқызуға және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау (бұдан әрі – профилактикалық бақылау) жүргізу кезінде бақылау субъектілерін іріктеу үшін әзірленді.»; 10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «10. Объективті өлшемшарттар бойынша мыналар жатады: тәуекелдің жоғары дәрежесіне: 1) қызметінде ҰАҚ құжаттары және электрондық құжат айналымын ұйымдастыру үшін мемлекеттік органдардың электрондық құжат айналымы жүйесін (бұдан әрі – ЭҚЖ) пайдаланатын басқа да архив құжаттары немесе қызметінде ҰАҚ құжаттары қалыптастырылатын мемлекеттік заңды тұлғаларда қалыптастырылатын Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің, орталық мемлекеттік архивтер мен мемлекеттік архивтердің жинақтау көздері және ЭҚЖ пайдаланатын басқа да архивтік құжаттар; тәуекелдің орташа дәрежесіне: 1) ЭҚЖ пайдаланатын, қызметінде ҰАҚ құжаттары және басқа да архивтік құжаттар қалыптастырылатын мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдарға ведомстволық бағынысты заңды тұлғалар; тәуекелдің төменгі дәрежесіне: 1) ЭҚЖ пайдаланатын, қызметінде ҰАҚ құжаттары қалыптастырылатын мемлекеттік емес заңды тұлғалар.»; 12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «12. Субъективті өлшемшарттар Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің, орталық мемлекеттік архивтер мен мемлекеттік архивтердің жинақтау көздерінде Электрондық құжат және электронды цифрлық қолтаңба туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының электрондық құжаттар мен электрондық архивтер бөлігінде талаптардың сақталуы бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарының (бұдан әрі – талаптар) негізінде жасалған және олар өрескел, елеулі, болмашы болып үш дәрежеге бөлініп, тексеру парақтарында көрсетіліп, осы Өлшемшарттардың қосымшасында келтірілген. Өрескел дәрежеге Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 509-бабы қолданылатын ҰАҚ құжаттарын жою жатады.»; 14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «14. Субъективті критерийлер бойынша тәуекел дәрежесін бағалау үшін келесі ақпарат көздері пайдаланылады: 1) бақылау субъектісі ұсынған есептілік және мәліметтер мониторингінің нәтижелері; 2) бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы алдыңғы тексерулердің және профилактикалық бақылаудың нәтижелері; 3) мемлекеттік органдар мен ұйымдар ұсынған мәліметтерді талдау нәтижелері. Бақылау субъектісі ұсынған есептілік және мәліметтер мониторингінің нәтижелері бойынша мынадай көрсеткіштер қабылданады: 1) архив қоймаларындағы архивтік құжаттардың болуын және жай-күйін тексеру; 2) есепке алу құжаттарындағы деректерді мемлекеттік архив паспортымен, қор карточкаларымен салыстыру; 3) сараптау тексеру комиссиясының отырысына ұсынылған құжаттардың құндылығына ғылыми-техникалық сараптама нәтижелері бойынша құжаттардың толық болмауы және физикалық жағдайының қанағаттанарлықсыз болуы; 4) уәкiлеттi органға, жергiлiктi атқарушы органдарға, мемлекеттiк архивтерге архив қорлары туралы мәлiметтер беру үшiн түскен сұраныстарды талдау; 5) жинақтау көздері – ұйымдардағы архив ісі және құжаттардың сақталуы бойынша мемлекеттік архивтер ұсынатын талдамалық ақпараттар. Мемлекеттік органдар мен ұйымдар ұсынатын мәліметтерді талдау нәтижелері ведомстволық архивтер ұсынған ақпараттың беруін білдіреді: 1) ғылыми-техникалық өңдеу; 2) ғылыми-анықтамалық аппарат; 3) архивтік құжаттарды есепке алу».»; көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңбан туралы Қазақстан Республикасының заңнамасының электрондық құжат айналымы бөлігінде мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінің, орталық мемлекеттік архивтерінің және мемлекеттік архивтердің жинақтау көздеріндегі электрондық архивтердің сақталуына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына қосымша осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; көрсетілген бірлескен бұйрыққа 3 және 4-қосымшалар осы бірлескен бұйрыққа 3 және 4-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; көрсетілген бірлескен бұйрыққа 6-қосымша осы бірлескен бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. «Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры және архивтер туралы заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 9 маусымдағы № 172 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 14 тамыздағы № 301 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 24 мамырдағы № 128 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 24 мамырдағы № 78 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32598 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: 1-тармақтың 47 және 91-тармақтары алып тасталсын. 3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бірлескен бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды; 3) осы тармақпен көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін. 5. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі Лауазымы Лауазымы Аты-жөні Аты-жөні «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті
Дата публикации
21 февраля 2024