"Петицияға қосылу қағидаларын және петицияға қосылу туралы жазбаша арыз нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрық жобасы

Приложение 2 к приказу

 

 

Форма

 

В_______________________________

(наименование уполномоченного органа в сфере взаимодействия государства и гражданского общества)

 

От______________________________,

(фамилия, имя, отчество (при его наличии)

 

ИИН:____________________________

(указать номер)

 

Адрес фактического места проживания:_____________________

(указать адрес фактического проживания)

 

Адрес места прописки: _____________

(указать адрес места регистрации)

 

Контактный телефон:______________

(указать номер телефона)

 

 

Заявление о присоединении к петиции на интернет-ресурсе

 

 

Я, гражданин Республики Казахстан, _________________________________________________________________ (фамилия, имя, отчество (при его наличии), присоединяюсь к петиции на тему: (содержание петиции) «__________________________________________________________________», размещенной на интернет – ресурсе.

К заявлению прилагаются следующие документы:

1) копия удостоверения личности;

2) копия документа, подтверждающего соответствующего полномочия представителя (если петиция подается представителем заявителя);

3) подтверждающие документы и (или) иные материалы, относящиеся к петиции (при необходимости).

Настоящим подтверждаю, что несу ответственность в соответствии с законодательством Республики Казахстан за достоверность представляемой (заполненной) мной информации.

 

Согласен(а) на обработку персональных данных:

__________________________________________________________________________
(подпись)                                  (фамилия, имя, отчество (при его наличии)

 

 

Дата заполнения: «__»  __________ 20__ года

 

 

Бұйрыққа 1-қосымша

 

 

Петицияға қосылу қағидалары

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

  1. Осы Петицияға қосылу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 90-2-бабы төртінші бөлігінің 1) тармақшасына және 90-3-бабы бірінші бөлігіне сәйкес әзірленді және петицияға қосылу тәртібін айқындайды.
  2. Осы Қағидаларда мынандай ұғымдар пайдаланылады:

1) петиция – мемлекеттік органға, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органға электрондық құжат нысанында жіберілген және Кодексте белгіленген тәртіппен қаралатын ұжымдық хабар, үн қосу немесе ұсыныс;

2) арыз иесі - Кодексте белгіленген тәртіппен петицияға қосылатын Қазақстан Республикасының азаматы;

3) уәкілетті орган – мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы саласындағы уәкілетті орган.

  1. Петицияға электрондық нысанда немесе жазбаша түрде қосылу мүмкін.
  2. Петицияға қосылу арыз иесі Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасына сәйкес ұсынылатын оның дербес деректерін жинауға және өңдеуге келіскен жағдайда жүзеге асырылады.

 

 

2-тарау. Петицияға электрондық нысанда қосылу тәртібі

 

  1. Петицияға қосылу «Электрондық өтініштер» ақпараттық-талдау жүйесінде электрондық нысанда жүзеге асырылады.
  2. Арыз иесі петицияға қосылу үшін «Электрондық өтініштер» ақпараттық-талдау жүйесіне кіріп, петицияны таңдап, электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегімен қол қоюды жүзеге асыру қажет.
  3. Петицияға электрондық нысанда қосылу мерзімі:
  • петицияға Кодекстің 90-2-бабы төртінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес оны кейіннен еркін қолжетімділікте орналастыру үшін қосылған жағдайда он жұмыс күні;
  • Кодекстің 90-3-бабының бірінші бөлігіне сәйкес еркін қол жетімді етіп орналастырылған петицияға қосылған жағдайда алты ай.
  1. Арыз иесі петицияға қосылған кезде «Электрондық өтініштер» ақпараттық-талдау жүйесінде оның аты және тегінің бірінші әріпі (мысалы, Динара М.) көрсетіледі.

 

3-тарау. Петицияға жазбаша түрде қосылу тәртібі

 

  1. Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірлігінің шекараларында Интернет желісі болмаған жағдайда, арыз иесі уәкілетті органға петицияға қосылу туралы арызды жазбаша түрде жібереді.
  2. Петицияға жазбаша нысанда қосылу мерзімі:

          1) петицияға Кодекстің 90-2-бабы төртінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес оны кейіннен еркін қолжетімділікте орналастыру үшін қосылған жағдайда жиырма жұмыс күні;

          2) Кодекстің 90-3-бабының бірінші бөлігіне сәйкес еркін қол жетімді орналастырылған петицияға қосылған жағдайда алты ай.

  1. Жазбаша арыз осы бұйрықпен бекітілген нысан бойынша (бұдан әрі – нысан) мынадай құжаттарды қоса бере отырып жасалады:

          1) жеке куәлік;    

          2) өкілдің тиісті өкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесі (егер петицияны арыз иесінің өкілі берсе);

          3) растайтын құжаттар және (немесе) петицияға қатысты өзге де материалдар (қажет болған жағдайда).

  1. Арыз белгіленген нысанға сәйкес келген кезде уәкілетті орган арызды келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде (арыз иесінің атын және тегінің бірінші әріпін көрсете отырып) арызда көрсетілген петицияға «электрондық өтініштер» ақпараттық-талдау жүйесінде қосады.
  2. Егер ұсынылған арыз белгіленген нысанға сәйкес келмеген не толық емес ақпаратты қамтыған жағдайда, уәкілетті орган дәлелді ескертулермен арызды қайтарады және бұл туралы арыз иесін келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде электрондық нысанда және (немесе) жазбаша түрде хабардар етеді.

 

 

 

        

бұйрығына 2-қосымша

 

 

Нысан

 

Кімге____________________________, (мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы саласындағы уәкілетті органның атауы)

 

Кімнен__________________________,

(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

 

ЖСН:____________________________

(нөмірді көрсету)

 

Нақты тұрғылықты мекен-жайы:_____________________

(нақты тұрғылықты мекен-жайын

көрсету)

 

Тіркелген жерінің мекен-жайы: _____________

(тіркеу орнының мекен-жайын көрсету)

 

Байланыс телефоны:______________

(телефон нөмірін көрсету)

 

 

Интернет-ресурстағы петицияға қосылу туралы арыз

 

Мен, Қазақстан Республикасының азаматы, _____________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), интернет-ресурста орналастырылған «______________________________» мынадай мазмұндағы петицияға (петицияның мазмұны) қосыламын.

Петицияға мынадай құжаттар қоса беріледі:

1) жеке куәліктің көшірмесі;

2) өкілдің тиісті өкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесі (егер петицияны  петиция берушінің өкілі берсе);

3) петицияға қатысты растайтын құжаттар және (немесе) өзге де материалдар (қажет болған жағдайда).

Осымен мен ұсынатын (толтырылған) ақпараттың дұрыстығы үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты екенімді растаймын.

 

Дербес деректерді өңдеуге келісемін:

_____________________________________________________________

(қолы)                                  (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

 

 

Толтыру күні: 20__ жылы «__» __________

 

Дата публикации
31 октября 2023