Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) Министрлік жанындағы Жеке кәсіпкерлiк мәселелерi жөнiндегi сараптамалық кеңес құрамына енгізу үшін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін және өзге коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеу жүргізуді жариялайды.
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 30 қарашадағы № 799 қаулысымен бекітілген Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуді өткізу қағидалары, аккредиттеудің күшін жою негіздері мен тәртібіне (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес жүзеге асырылады.
Аккредиттеу алу үшiн өтiнiш берушi мынадай құжаттарды:
1) Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiшті;
2) салыстыру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда, құрылтай құжаттарының және заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктердің) мемлекеттiк тiркелгенін (қайта тіркелгенін) растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерiн;
3) бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерін көрсете отырып, бірлестік және/немесе ұйым мүшелерінің тізімін ұсынады.
Мерзімсіз негізде аккредиттеу туралы куәлік алу үшін өтініш беруші өзі жүгінетін мемлекеттік органға аккредиттеу туралы куәліктің үш көшірмесін де ұсынады.
Аккредиттеуге құжаттарды қабылдау 2023 жылғы 5 – 18 қаңтар аралығында (жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін), Қазақстан Республикасы, Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы 8, Министрліктер үйі, 14-кіреберіс мекен-жайы бойынша орналасқан Министрлік кеңсесімен жүргізіледі.
Аккредиттеу туралы қосымша ақпаратты келесі телефондар арқылы алуға болады: +7 (7172) 74-13-12, +7 (7172) 74-02-11, +7 (778) 471-26-70.