«Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасының нәтижелер көрсеткіштерін есептеу әдістемесін бекіту туралы

Қазақстан  Республикасы   Ұлттық   экономика   министрінің   2021   жылғы  11 тамыздағы № 79 және Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2021 жылғы 12 тамыздағы бірлескен бұйрығымен   бекітілген   Ұлттық   жобаларды   әзірлеу   жөніндегі    әдістеменің   25-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасының нәтижелер көрсеткіштерін есептеу әдістемесі бекітілсін.
  2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ведомстволары мен құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қолданыстағы заңнама талаптарын сақтай отырып, жүктелген міндеттерді сапалы іске асыруды қамтамасыз етсін.
  3. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Рухани жаңғыру» бағдарламасын үйлестіру департаменті 10 жұмыс күні ішінде осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
  4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Рухани жаңғыру» бағдарламасын үйлестіру департаментіне жүктелсін.
  5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Қазақстан Республикасының Ақпарат

және қоғамдық даму министрі                                                   А. Омаров

«Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасының нәтижелер көрсеткіштерін есептеу әдістемесін бекіту туралы
Дата публикации
27 июля 2022