«Ақпаратқа қол жеткізу
мәселелері жөніндегі комиссияның
құрамы туралы» Қазақстан
Республикасы Ақпарат және
қоғамдық даму министрінің
2019 жылғы 30 мамырдағы
№ 148 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
- «Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 30 мамырдағы № 148 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның құрамына:
|
«Ізбай Арай Дәулетұлы
|
–
|
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жұртшылықпен байланыс департаментінің директоры;»
|
енгізілсін.
Р.З.Мұхаметқалиев комиссия құрамынан шығарылсын.
- Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Мемлекет пен қоғам коммуникацияларын дамыту департаменті осы бұйрық қабылданған күннен бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірілмейтін мерзімде оны Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-миниcтріне жүктелсін.
- Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министр А. Омаров